Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инфекциялық науқасқа көрсетілетін мейірбикелік көмекті жоспарлау

Мейірбикелік күтім жасаудың жоспары – бұл күтім мақсатына қол жетуге қажет мейірбикенің кәсіби әрекетін толықтай сипаттау. Мейірбикелік көмекті пациентпен бірлесе отырып, оған түсіндіріліп, келісіп жоспарлау керек. Мейірбике пациентті сауығуға үміттендіреді. Ол пациентке мейірбикелік араласу мақсаттарын қою қажеттігін негіздейді және ауру адаммен бірлесе отырып қол жету жолдарын анықтайды.
Мақсат – бұл пациенттің әрбір анықталған проблемасы бойынша мейірбикелік араласудың күтілетін нақты оңды нәтижесі. Мақсаттың нақты және жүзеге асатындай болуы тиіс. Алдымен мейірбике пациенттің немесе ауыр инфекциялық сырқат күтіміне қатысатын туыстарымен бірлесіп анықталған проблемалардың өзектілігін, реттілігін анықтайды. Мейірбике мақсатқа жету мерзімін белгілейді. Оның қысқа мерзімді (аптадан аз) және ұзақ мерзімді (апталар, айлар) болуы мүмкін.


Гульнур Бекмаганбетовна НЕСИПБАЕВА,
мейiрбике,
ересектер бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет kupon.ykt.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1076 | Теги: несипбаева, мейірбикелік күтім, Гульнур | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]