Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инфекциялық кеселдердің жұқпалану, емделу және алдын алу әдістері

Жұқпалы (инфекциялық) ауруларды емдеу әдетте стационардың мамандандырылған бөлімшелерінде жүргізіледі. Жеңіл оқиғаларда үй жағдайында емделу мүмкіндігі бар. Алайда індетке қарсы режімді қатаң сақтау міндетті шарт болып табылады.
Қазіргі заманғы медицина көптеген ықпалды дәрі-дәрмектік бұйымдарды жасап шығарды және олар табысты қолданылуда. Бұлар: антибиотиктер, вакциналар (жұқпалы дерттердің профилактикасы үшін қолданылады), түрлі иммундық глобулиндер, бактериофагтар және т.б.
Жұқпалы кеселдердің алдын алу оларды емдеумен қатар маңызды. Мұнда адамдарды тазайын болуға тәрбиелеуге жете мән беріледі. Әжетханадан соң, лас жұмыстан кейін, тамақ ішер алдында қолды үйреншікті сабындап жуу көптеген ішектік жұқпалардан сақтайды.
Сондай-ақ инфекция көзінің ортақ қолданыстағы орындармен қатар, ақшалардың, көліктегі сүйеніш ілмектердің, сауда сөрелерінің үстінің және басқа көптеген заттардың болу мүмкіндігін есте ұстаған жөн. Базардан сатып алынған жеміс-жидектер мен көкөністердің гельминттер мен басқа қауіпті микробтардың ұясына айналуы ықтимал. Сондықтан оларды тұтынар алдында мұқият жуу керек.
Тарақандар мен кеміргіштер жұқпа тасымалдаушылары бола алады. Олармен күресуге өндіріс сан алуан бұйымдар шығарады. Бұл заттармен олардың шоғырланған және таралу орнын өңдеу қажет.
Масалар мен кенелерді де елемеуге болмайды. Бұл насекомдар да қауіпті, себебі олар энцефалит пен безгекті (малярияны) тасымалдап қана қоймай ЖИТС-ты да жұқпаланған адамның қанымен бірге таратуы мүмкін.
Кенелер мен масалардан қорғану үшін киімге себілетін түрлі кремдер мен аэрозолдар, сондай-ақ фумигаторлар мен үркітетін бұйымдар болады.       

Боранкүл Митоновна НАЗАРОВА,
мейірбике,
инфекциялық кабинет,
“№1 Қызылорда қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет www.ambmurom.narod.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.09.2015)
Просмотров: 1180 | Теги: назарова, боранкүл, жұқпалы аурулар, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]