Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инфекциялық дерттердің профилактикасы

Инфекциялық дерттердің профилактикасы оларды емдеу сияқты маңызды. Мұнда адамдарды тазалыққа тәрбиелеуге жете мән беріледі. Әжетханадан шыққан соң, лас жұмысты істегеннен кейін әдеттегідей қолды сабындап жуу көптеген ішек инфекцияларынан сақтануға ерік береді. Одан басқа ортақ пайдаланыстағы орындардан бөлек, ақшалар да, көліктегі белдіктер де, жайманың үсті де және көптеген басқалары да жұқпа көздеріне айналуы мүмкін.
Сатып алынған жемістер және көкөністер гельминттер мен басқа қауіпті микробтардың ұясына айналуы ықтимал. Сондықтан оларды тұтынар алдында мұқият жуу қажет.
Тарақандар мен кеміргіштер де жұқпа тасымалдаушылары болады. Өндіріс оларға қарсы күреске арналған көптеген бұйымдар шығарады. Соларды қолданып жәндіктердің жиналу және таралу жерлерін өңдеу қажет. Масалар мен кенелер сәйкесінше безгек пен энцефалитті таратып қана қоймай, жұқпаланған адам қанымен бірге АИТВ-ны таратады. Кене мен масаға арналған киімге себетін көптеген кремдер, аэрозольдар, фумигаторлар және жәндік қашырғыштар бар.

Жанымкуль Алдабергеновна ЕСАХАЕВА,
мейірбике,
балалар бауыр ауруы бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.syl.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 987 | Теги: АИТВ, жанымкуль, алдын алу, есахаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]