Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертонияның профилактикасы

Бүгінгі таңда гипертониялық кеселден жапа шегетін адамдар саны үздіксіз артуда. Сондықтан оның профилактикасы маңызды.
Аталған кеселге ата-тектік бейімділігі барлардың бұл проблемаға зейін салуы аса қажет. Олардың кардиолог дәрігерге көрініп, өз бетінше артериалдық қысымды бақылап тұрғаны жөн. Қан өлшейтін құралдардың көмегімен мұны жасау тіпті қиын емес.
Қауіп тобына жататын адамдардың өз өмір салтын реттеуі, күн режімі мен тағамдануын қайта қарауы керек. Тұзды және спирттік ішімдіктерді тұтынуды, сондай-ақ темекі тартуды шектеген абзал.
Денеге жүктемені аздап арттырып, мүмкіндігінше таза ауада болған, жүзу бассеиніне немесе спорт залына барған дұрыс. Жәй ғана жаяу жүргеннің өзі жүрек бұлшықеттерін шынықтырып гипертониямен ауыру қауіпін төмендетеді.
Ең бастысы салауатты өмір салтына түбегейлі ден қойып, отбасы мен жұмыста жағымды климат орнатқан жөн.

Жанагул Умирсериковна КАРКЫНБАЕВА,
мейірбике,
№2 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 810 | Теги: гипертония, профилактика, каркынбаева, жанагул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]