Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертониялық ауруы бар науқастардың емханалық күтімі

Гипертониялық ауру (ГА) – негізгі клиникалық симптомы артериалды қысымның жоғарылауы болып табылатын кесел. Бұл дерт өз дамуында үш сатыдан өтеді. Үш сатыға мынадай шағымдар тән: бас ауруы, нашар ұйқы, жоғары мазасыздану, жадтың, еңбек ету қабілетінің төмендеуі.
Гипертониялық аурудың қауіпті асқынуы – гипертониялық криздің дамуы. Оның белгілері: бастың қатты ауыруы, бас айналу, жүрек қағу, құсу, көз жанарының ауытқуы. Гипертониялық криз - өз зардаптарымен қауіпті және шұғыл дәрігерлік көмекті талап ететін ауыр жай-күй.
Күтім ережелері:
1. Еңбек ету мен тынығудың оңтайлы шарттары:
- стресстік жағдайлардың алдын алу;
- дене мен жан тыныштығына, толыққанды ұйқыға жағдай жасау;
- түнгі жұмысқа тиым салу;
- аздаған тұрақты дене жаттығуларын жасау.
2. Дұрыс тағамдануды ұйымдастыру:
- артық салмақтан арылу;
- қуырылған және майлы тамақты, ас тұзын тәулігіне / 6 г-ға дейін шектеу;
- сүт-өсімдік диетасы;
3. Науқастың жалпы жағдайын бақылау:
- науқастың хәлін анықтау;
- тәулігіне бір реттен кем емес артериалды қысымды өлшеуді нұсқау;
- ішілген және бөлінген сұйықтың көлемін өлшеу.
4. Дәрі-дәрмектік ем талаптарын сақтауды бақылау:
- дәрігер тағайындаған препараттарды тұрақты, дер кезінде және толық көлемде қабылдауын бақылау;
- артериалды қысымды төмендететін препараттарды қабылдау фонында ортостатикалық коллапстың профилактикасы: науқастың жатқан күйінен отыруға абайлап ауысуын ескерту.  

Жаудир Молдаахметжановна ЯХИЯЕВА,
мейірбике,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жаңақорған ауданы

Сурет serdec.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1369 | Теги: яхияева, гипертониялық ауру, емханалық күтім, жаудир | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]