Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гашиштік нашақорлықтағы пациент проблемалары

Гашиш арабшадан аударғанда «құрғақ шөп» дегенді білдіреді. Гашишті сорадан өндіреді, ол қара немесе сұр түсті бір текті заттың кесінділері немесе плиткалары түрінде болады. Оның белсенді құрамдас бөлігі тетрагидроканнабинол болып табылады. Гашиш бұл өсімдік емес. Марихуанадан айырмашылығы, гашиш өте күшті психобелсенді әсер иеленеді.
Гашиштік нашақорлықтағы пациент проблемалары: торығу (депрессия), ұнжырғасы түскен көңіл-күй, байланысы жоқ сөз, тынымсыз күлу, өз ойларын айқын білдіре алмау, галлюцинациялар, қудалау сезімімен сабақтас қорқыныш, қауіптің өткір сезімі, түсініксіз және көбіне аяқталмаған көріністер, эмоционалдық күйзелістердің асқынуы, тұлғаның қосарлануы және т.б.
Наркологиялық стационарда жұмыс істейтін мейірбике бұл пациент проблемаларын ескеріп, өз мейірбикелік араласу және мейірбикелік күтім жасау жоспарын құрады. Проблемаларды шешудің қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларындағы әрекеттерді анықтайды. Бұл жұмыстарға пациентті де қатыстыруға болады.

Клара Курмановна ТУЛЕБАЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.zhardem.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 786 | Теги: тулебаева, гашиштік нашақорлық, пациент проблемалары, Клара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]