Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Есірткілік заттарды тұтынудың негізгі белгілері

Есiрткi заттарын тұтыну процесiнде организмнiң реактивтiлiгi өзгерiп, ол мынадай негiзгi белгiлермен: психикалық тәуелдiлiк, денелiк тәуелдiлiк және толеранттық арқылы бiлiнедi.
Психикалық тәуелдiлiк препаратты белгiлi бiр сезiмдердi бастан кешiру немесе психикалық жайсыздық (дискомфорт) белгiлерiнен арылу үшiн үздiксiз немесе жүйелi түрде қабылдауға дерттiк ұмтылумен сипатталады.
Дене тәуелдiгi - есiрткi препараттарын созылмалы түрде қабылдауға жауап ретiнде адам организмнiң барлық функционалдық қызметiнiң қайта құрылу жағдайы.
Ол үйреншiктi препаратты қабылдауды тиған жағдайда немесе оның әсерiнiң тәни антогонистермен бейтараптануында белсендi дене немесе психикалық ауытқулар арқылы бiлiнедi. Бұл ауытқулар абстиненттiк синдром түрiнде байқалып, аталған препаратты немесе оған ұқсас фармакологиялық әсерi бар затты қайта енгiзу арқылы жеңiлдейдi немесе толығымен жойылады.
Толеранттық - есiрткi затына немесе уыт тудыратын препараттарға бейiмделу (адаптация) жағдайы. Ол сол үйреншiктi препараттардың енгiзiлуiне төмендеген реакцияның бiлiнуiмен сипатталады. Нәтижесiнде бұрынғы фармакодинамикалық әсерге жету үшiн есiрткiнiң немесе басқа бұйымның жоғарылау мөлшерi (дозасы) қажет болады.

Жанагул Умирсериковна КАРКЫНБАЕВА,
мейірбике,
№2 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет medportal.ru сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 776 | Теги: толеранттық, психикалық және дене тәуелділігі, каркынбаева, жанагул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]