Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ентігу түрлері. Мейірбикелік күтім

Ентігу – ауа жетпеу сезімімен, тыныс алу қозғалысының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталатын дем алысының қиындауы. Ентігу жүректік-қан тамырлық және өкпелік кеселдердің маңызды симптомдарының бірі болып табылады.
Ентігуде тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі өзгереді. Жиілеген, сиреген, беткейлі және тереңдеген тыныс алу түрлері болады. Дені сау адамда ентігу денеге үлкен күш түскенде пайда болуы мүмкін.
Ентігудің жүректік, өкпелік, жүректік-өкпелік (аралас) және инспираторлық пен экспираторлық түрлері ажыратылады. Сондай-ақ церебралдық және гематогендік ентігулер де ұшырасады.
Мейірбикелік күтім:
- дене белсенділігін шектеу;
- ауыр ентігуде сырқатты креслоға немесе керуетке отырғызу;
- науқастың бас жағына оралған зат немесе арқасының астына бірнеше жастық қойып оған көтеріңкі (отыру) кейіпін беру;
- науқасты тыныштандыру, көңілін басқа жаққа бұру;
- сырқатты ауыр көрпеден және денесін қысқан киімнен еркін ету;
- терезені ашып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету;
- үйде ылғалданған оттегімен ингаляция жасау;
- тыныс алудың жиілігін, тереңдігін және ырғағын бақылау;
- өткізілген емнің барысын, нұсқалған дәрі-дәрмектің толық қабылдануын қадағалау;
- темекіні тастауға кеңес беру.    

Жаудир Молдаахметжановна ЯХИЯЕВА,
мейірбике,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жаңақорған ауданы

Сурет pensioneram.info сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 6207 | Теги: ентігу, яхияева, мейірбикелік күтім, жаудир | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]