Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Екі қабат әйелдің қолдарының ісінуі

Жүктілік кезіндегі қол мен аяқтың ісінуі жиі кездесетін құбылыс. Ең алдымен олар қан мен лимфаның ағуының бұзылысынан, сондай-ақ организмдегі сулық тепе-теңдіктің бұзылуынан туындап, қан тамырлық жүйенің күшті өзгерістеріне жетелейді.
Ісіктердің пайда болуының себептері жоғарыда айтылғандардан басқа жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы, кір жуатын бұйымдарға аллергия. Сондықтан бөлмені жиыстыруды, ыдыстарды жууды резеңке қолғаппен атқарған жөн.
Жүкті әйелдің тобығының ісінуі аса қорқынышты емес, өйткені бұл барынша үйреншікті құбылыс. Екі қабат әйелдің бүйрегі өзіне түскен артық жүкті игере алмайды, ал аяқ үлкен салмақты көтереді.
Жүктілікте қолдардың және саусақтардың ісінуі әйелді алаңдатуы тиіс. Бұл болашақ ананың бүйрегінің және басқа ағзаларының орасан зор жүктемені бойдан кешіретінін, және организмнің артық сұйықты терінің тесіктері арқылы сыртқа шығаруға тырысатынын көрсетеді.
Кейбір әйелдер сақинасын шешіп, оны шынашаққа тағуға тырысады. Бірақ шынашықтың да ісінуі мүмкін. Дұрысы оны мойындағы алқаға немесе білезікке ілу.
Кез-келген ісіктің мұқият бақылауды ғана емес, лайықты емді талап ететіні белгілі. Өйткені ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіретін ісіктің жасырын түрлерінің болуы мүмкін. Сондықтан ісікке кез-келген күмәндануда шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек. Ол қажетті тексеруден соң ем тағайындайды.
Ісіктің алдын алу үшін тұздың мөлшерін шектеу қажет. Балық пен салатқа тұздың орнына лимон шырынын қолдануға болады.
Организмде сұйықты іркетін газдалған сусындарды ішуге болмайды.
Таза ауыз суын шамамен екі литрге дейін тұтынған жөн.
Бір кейіпте ұзақ тұрудан немесе отырудан тежелген абзал.
Ең бастысы салмақты ұдайы қадағалау қажет.        


Ләззат ҚАСЫМОВА,
акушерка,
перзентхана бөлімі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет mamapapaimalish.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.09.2015)
Просмотров: 5156 | Теги: қолдың ісінуі, Жүктілік, қасымова, ләззат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]