Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Этильдік спиртпен және алкоголь суррогаттарымен уланудағы шұғыл көмек

Алкогольден улану – тұрмыстық улануларда жиi кездесетiн себептердiң бiрi. Алкогольмен (есiрткiлiк умен) улануда сананың әр түрлi деңгейдегi, тiптi комаға дейiнгi бұзылыстары байқалады.
Ауыздан және құсу массаларынан алкогольге тән иiс шығады. Алдында қарашықтар кiшiрейедi, жарыққа реакция және қарашықтық рефлекс сақталған.
Терең уыттануда (интоксикацияда) қарашықтар кеңейедi, жарыққа реакция мен қарашықтық рефлекстер жоғалады. Терең тыныс алу, жиi тамыр соғысы, ауыр уыттануда қан қысымынығ күрт төмендеуi байқалады.
Шұғыл көмек
Ауыз қуысының туалетiн жасау, жұтқыншақ қуысынан кiлегейдi сорып алу, асқазанды жуан түтiк көмегiмен жуу. Егер дәрiгердiң келуi кешiксе, онда бұзылған тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 0,1% 1 мл атропин ерiтiндiсiн, 2 мл кордаминдi, 2 мл кофеиндi терi астына енгiзу. Вена iшiне 40% 40 мл глюкозаны 15 Бiрлiк инсулинмен және 2 мл В6 мен 5 мл В1 витаминдерiн бұлшық етке салу. Тiлдiң кейiн құлауының және асфиксияның алдын алу үшiн алкогольдiк комада жатқан науқастың тiлiне тiлұстағыш қояды.

Гульшат Кузербаевна АЙМУХАМЕДОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет www.medkrug.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 2411 | Теги: алкоголь суррогаттары, улану, аймухамедова, шұғыл көмек, этильдік спирт, гульшат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]