Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЭКСТАЗИДІҢ ЗИЯНЫ

Бүгінде, көп сағатқа созылатын би марафондары заманында, экстази деп аталатын есірткі кең тарауда. Экстази – 3,4 – метилендиокси-метамфетаминнің (МДМА) жапсырма (жаргондық) аты. Оның басқа атаулары – «Икс», «Е», «Ешка», «ХТС», «Адам», «Диск», «Дөңгелек», «Тоқаш», «Гайка».
Бұл әдетте таза күйінде тұз қышқылды тұздың ақ кристаллдары түрінде ұшырасатын жартылай жасанды қосылыс. Экстазиді жасырын  жасанды лабораторияларда шығарылады. Сатуға таблетка, пошталыққа ұқсас маркалар түрінде түседі.
Экстази  адамдарға жеңілденудің, данышпандықтың, эйфорияның жалған сезімін силайды. Көбіне адамдарда елестер (галлюцинациялар) пайда болады.  Экстази белсенділікті арттыратындықтан әр түрлі дискотекаларда  кеңінен танымал. Экстази сезімді өткір етеді, сондықтан көп адамдар оны сексуалдық ләззатты күшейту үшін тұтынады. Экстази тұтынушылардың көбісінде визуалды суреттер бұрмаланады, шын мәнінде жоқ образдар пайда болады.
Экстази  бұл есірткі қауіпсіз және оған бой үйренбейді деп қате пайымдайтын жастар арасында кеңінен танымал. Алайда бұл олай емес. Экстазиді қолдан әзірлейді, сондықтан есірткінің құрамына не кіретіндігін көбіне анықтау өте қиын.
Экстазиді қабылдағаннан кейін оның әсері 20-30 минуттен соң пайда болады. Есірткінің ықпалы орта есеппен 24 сағатқа созылады. Алайда қабылдау зардаптары ұзақ жылдар бойына білінуі мүмкін. Экстазиді тұрақты тұтынғанда организмнің көптеген қызметтері бұзылады. Ұйқы қашады, тәбет жоғалады. Жүйке тозады. Экстазидің организмді қатты жүдететіні соншалық, оның соңы мүгедектікке жетелеуі ықтимал. Сондай-ақ ми, бауыр зақымданады.
Экстазидің жанама (қосымша) әсерлері: жүрек айну, құрысу, еріксіз тістену, гипертензия (қан қысымының артуы), бұлшық ет күшінің құлдырауы, миокард инфарктісі, бүйрек тапшылығы, инсульт (қан құйылу).
Экстазиді бір рет тұтынудың өзі өлімге жетелеуі мүмкін.

Гульшат Кузербаевна АЙМУХАМЕДОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет stranaprotivnarkotikov.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 936 | Теги: экстазидің зияны, аймухамедова, гульшат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]