Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Дизентерия мен басқа жедел диареялық ішектік жұқпалар. Мейірбикенің іс-әрекеттері

Бұл кезде санитарлық-гигиеналық мәселелерге және ағымдағы дезинфекцияға, әсіресе әжетханадағы зарарсызданыруға зор көңіл бөледі. Жаз айларында шыбындарға қарсы күресу маңызды.
Ішек ауруларына арналған бөлімшеге түсетін барлық науқастарға, сондай-ақ үйде емделуге қалғандар мен олардың бір үйде тұратын туыстарына жеке гигиена ережелері, атап айтқанда әжетханадан соң, тамақтанар алдында қолды сабындап жуу түсіндіріледі. Үй жағдайында сырқаттар мен олардың туысқандарына ағымдағы дезинфекцияның қол жетімді әдістері үйретілуі тиіс.
Мейірбике ішек кеселдері бар ауру адамдардың нәжісінің (стулының) сипатын қадағалап және тексеру нәтижесін ауру тарихына түсіреді.
Жағдайы ауыр науқастарға ерекше күтім қажет болады. Сырқаттың нәжіспен былғанған киімде немесе төсекте қалуына жол берілмеуі керек. Шаптағы терінің тазалығын бақылау маңызды және әрбір дефекациядан соң артқы тесікті сумен сабындап жуу қажет.
Хәлі ауыр іші өткен сарқаттарда термореттеудің уытты (токсикалық) бұзылысы мен сулық-тұздық тепе-теңдіктің ауытқуы нәтижесінде тоңып-жаурауға деген жоғары сезімталдық пайда болады. Соған байланысты науқастардың айналасына жылытқыш қойып жылытқан дұрыс.     

Айжан Нуртазаевна ЕЛЕУСИНОВА,
мейірбике,
қабылдау бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.zdravosil.ru сайтынан алынды
 
 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 750 | Теги: дизентерия, диареялық жұқпалар, елеусинова, айжан, мейірбике іс-әрекеті | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]