Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Дер кезінде және кеш анықталған туберкулез туралы түсінік

Туберкулезге шалдыққан науқастардың ерте және дер кезінде анықталуы оның тез және толыққанды сауығуына қажет маңызды шарт болып табылады. Сондай-ақ туберкулезді ерте, бастапқы даму сатыларында анықтау оның таралуының жолын кесуге ерік береді. Бұл туберкулездік жұқпаның профилактикасы үшін шешуші мән иеленеді.
Кеш анықталған, өтіскен өкпе туберкулезі бар науқастарды емдеу зор қиындық келтіреді. Одан басқа бұл сырқаттар індеттік (эпидемиялық) тұрғыда айналасына қауіпті.
Ерте, дер кезінде анықталған туберкулездің түрлеріне мыналар жатады:
- бірінші реттік туберкулездік жұқпаның ерте кезеңі (туберкулез микобактериясының – ТМБ – бірінші реттік жұқпалануы – туберкулиндік реакцияның вираж кезеңі);
- туберкулездік уыттану (интоксикация);
- тыныс алу ағзаларының асқынбаған бірінші реттік туберкулезі;
- диссеминирленген, ошақтық, инфильтрация фазасындағы инфильтративті туберкулез, экссудативті және құрғақ плеврит.
Кеш анықталған өтіскен туберкулезге мыналар жатады:
- кавернозды және фиброзды-кавернозды туберкулез;
- ыдырау сатысындағы және бактерия бөлумен бірге диссеминирленген, ошақтық және инфильтративтік туберкулез;
- жедел милиарлы туберкулез, ыдырау фазасындағы туберкулез, казеозды пневмония, цирротикалық туберкулез, асқынған бірінші реттік туберкулез, силикотуберкулез.      

Кулжамал Достанбайқызы ИБРАЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет rylkov-fond.org сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1262 | Теги: кулжамал, туберкулез, дер кезінде және кеш анықтау, ибраева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]