Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бөртпе сүзек. Мейірбикелік күтім ерекшеліктері

Бөртпе сүзек қанмен берілетін (трансмиссивтік) жұқпаларға жатады. Оған күдікті науқас ауруханаға түскенде сырқатты биттенуге (педикулезге) тексеріп, одан бит пен сірке табылғанда шашын машинкамен алып тастап, залалданған шашты өртеп жіберді. Ауру адамның басын насекомдарды жоятын ерітінділермен өңдейді, ал 2-3 тәуліктен соң қажетінше өңдеуді қайталайды. Сырқаттың киімдері дезинфекциялық камераларда өңделеді.
Бөртпе сүзектің ауыр ағымдарында күшті бас ауруымен, қозумен, психотикалық құбылыстарымен өтетін менингоэнцефалит дамиды. Сондықтан оларға мейірбикелік күтім жасаудағы басты міндет – ұдайы бақылау, олардың мінез-құлқын және жағдайын қадағалау болып табылады.
Қан тамырлық зақымдану мен қан айналысының бұзылыстарының нәтижесінде тері ойылуы тез пайда болады. Сол себепті жағдайы ауыр сырқаттардың терісін мұқият қадағалау және терінің ойылуының профилактикасын ыждағатты жүргізу керек.
Бөртпе сүзегі бар пациенттерде іш қату жиі болады. 2 апта бойына стул жоқ кезде және ішек кепкенде тазарту клизмасы жасалады. Кейде қуықтағы парезге байланысты жедел зәр кідірісінің болуы мүмкін. Бұл жағдайда қуықтың күрт толып кетуіне жол бермей, катетермен зәрді сыртқа шығару қажет.
Сондай-ақ басқа жұқпалардағы жасалатын мейірбикелік күтімнің түрлері де атқарылады.   

Айжан Нуртазаевна ЕЛЕУСИНОВА,
мейірбике,
қабылдау бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет kozhnyi.ru сайтынан алынды
 
 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 2432 | Теги: бөртпе сүзек, мейірбикелік күтім, елеусинова, айжан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]