Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Болашақ ұрпақты есірткі уынан қорғайық!

Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық соңғы жиырма жылдықта кең қанат жаюда. Оның неліктен болатындығы жөнінде көптеген себептерді атап көрсетуге болады. Бұл - жұмыссыздық, ауыр материалдық жағдай, психологиялық проблемалар сияқты әлеуметтік өзекті мәселелердің болуы әбден мүмкін.
Нәтижесінде ең жаны жаралы, қорғалмағандар ретінде балалар мен жасөспірімдер көзге түседі. Өйткені олар тұлға ретінде әлі қалыптасып үлгермеген, өздерінің өмірлік жолдарынан бұрылуға мүмкіндік беретін сол «темірқазық жұлдызын» таппаған.
Әрине, егер отбасында махаббат пен үйлесімділік билік құрса, сіздің балаңыз махаббатқа, мейірімге, жан жылуына және түсіністікке баламаны қиындық басына түскенде аулалық компаниядан іздей қояр ма екен.
Егер сізде өз туыстарыңыздың бірінің есірткіге бой ұруы жөнінде күдік туса, онда әрқашан кәсіби мамандарға жүгініп, сізді қызықтыратын барлық сауалдар бойынша тұшымды жауап алуға болады.

Санимкул Сахитжановна ТУРГАЗИЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет zdorovie29.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 814 | Теги: санимкул, нашақорлық, тургазиева, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]