Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бірінші реттік туберкулездік кешен (комплекс)

Бұл бірінші реттік туберкулезге тән кесел түрі. Мұнда өкпеде ерекшеліктік қабыну ошақтары (бірінші реттік аффект) мен регионарлы бронхоаденит анықталады. Кейде кесел жасырын сипат иеленеді, бірақ көбіне жеделден төмен басталады және дененің субфебрилді температурасы, тершеңдік, шаршау, аздаған құрғақ жөтел байқалады.
Дерт жедел басталғанда ерекшеліктік емес өкпе қабынуы (пневмония) түрінде өтеді. Бұл кезде жоғары қызба, жөтел, кеудедегі ауыру, кейде ентігу байқалады. Кейбір науқастарда сыртқы лимфатикалық түйіндер ұлғаяды.
Туберкулиндік сынамалар 30-50% жағдайда елеулі білінеді. Өкпе тінінің ыдырауы болмағанда қақырықтан және бронхты жуу суынан әдетте туберкулез микобактериясы (ТМБ) анықталмайды.
Үдеріс оңтайлы ағымда болғанда және емнің қазіргі заманғы тәсілдерін қолданғанның өзінде бірінші реттік кешен баяу білінеді. Тек бірнеше айдан кейін, кейде тек 1-2 жылдан соң және кешеннің сіңу ошақтары түзеліп кешен элементтерінің әкке айналуы өтеді. Дерттің асқынған ағымында өкпедегі бірінші реттік ошақтың ыдырауы және қуыстың (кавернаның) түзілуі ықтимал. Кейде экссудативтік плеврит пайда болады.
Сонымен қатар ТМБ-ның лимфогендік таралуы және сүйектерде, бүйректе, ми қабықтарында және т.б. ошақтардың қалыптасуы мүмкін.
    

Кулжамал Достанбайқызы ИБРАЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет pulmonls.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1074 | Теги: кулжамал, бірінші реттік туберкулездік кешен, ибраева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]