Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Безгек (малярия). Мейірбикелік іс-әрекеттер

Әдетте безгектің ұстамасы тұтқиылдан болады және өте күшті қалтырап-дірілдеумен басталады. Мұндай кезде науқасқа көрпеше жабылады және айналасына, әсіресе қол-аяқ пен денесіне жылытқыш орналастырылады. Дене қызуының 40оС және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Бұл кезде жылытқыштар бірден алынып, көрпешені де алып, науқасқа тек бір ғана ақ жайма жабылады.
Бұл кезеңде науқастың жаурап-тоңуына жол бермеу керек. Себебі оның өкпе қабынуына (пневмонияға) немесе басқа асқынулардың дамуына жетелеуі мүмкін. Палатадағы ауаның температурасы 20-22оС шамасында ұсталады. Науқас үстіндегі киімді лақтырып, қызба сезімін азайтуға тырысады. Мұндай кезде терезе мен есіктен өкпек ауаның соқпауын қадағалаған жөн.
Сырқаттың хәлін бастың маңдай-төбе тұстарына мұзы бар қауақ іліп немесе суық суға малынған дәкені маңдайына қойып жеңілдетуге болады.
Онша күрделі емес бұл процедуралар ыстық сезімін сейілтеді және бір мезгілде безгек ұстамасында науқасты діңкелететін бас ауруын азайтады.
Безгек ұстамасы әдетте дене температурасының күрт төмендеуімен және науқастың молынан терлеуімен аяқталады. Бұл кездегі мейірбикенің іс-әрекеті сырқаттың ылғал киім мен төсекте жатпауын, жаурамауын қадағалау, сондай-ақ коллапстың бастапқы белгілерін байқап, ол дамығанда қажетті көмек көрсете білуге бағытталуы тиіс.
Бұл тұрғыда созылмалы жүректік-қан тамырлық кеселдерінен жапа шегетін ересек жастағы адамдарға зор көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар аурухана аумағындағы масалармен күресте аэрозолдық инсектицидтер қолданылады, терезелерге тор керіледі.      

Гульнара Абдукамаловна НУРУМБЕТОВА,
мейірбике,
бокс бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет medportal.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 951 | Теги: безгек (малярия), гульнара, мейірбике іс-әрекеті, нурумбетова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]