Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Балаларды рентген арқылы зерттеп, тексеру

Рентгендік зерттеу тәсілін кез келген балаға орындауға болады. Қандай болмасын рентгендік зерттеуге емдеуші дәрігердің немесе кеңесші-маманның нұсқауы қажет. Баланың ата-анасы рентгендік зерттеуден бас тартқан кезде, дәрігердің зерттеу болмауының зардабын оларға түсіндіріп, бұл деректі міндетті түрде медициналық құжатқа тіркеуі керек.
Балалардағы кеселдерге немесе сүйек зақымдануына күмән туған қандай да болмасын кезде рентгенологиялық зерттеу көмегімен диагноздың нақтылануы немесе теріске шығарылуы талап етіледі. Бұл босану кезіндегі жарақатқа да, кез келген бақытсыз оқиғаларға да қатысты.
Баланың ауыруға, дене қызуының көтерілуіне, жергілікті ісінуге немесе қызаруға шағымының қабынулы немесе ісіктік кеселдің белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл дәрігерге шұғыл қаралудың және кейінірек нақтылаудың басқа тәсілдерімен бірге рентгендік зерттеуге де себеп болып табылады.
Тыныс алу ағзаларының дерттерін анықтау онша қиын емес, бірақ кейде патологиялық процесстің орналасу орнын нақтылау, зардаптарын айқындау үшін рентгенография жасау міндетті.
Баланың зәр шығару жүйесін рентген арқылы зерттеу де контрастты затты енгізумен сабақтас.
Рентгенография балаларды тексеруде ең көп пайдаланылатын тәсіл. Рентгеноскопия сәуле жүктемесі жоғары болғандықтан сирек қолданылады. Ал рентгендік тексеру бала организміне зиян келтіреді деп қорқудың еш қажет жоқ, өйткені зерттеу кезіндегі бала алатын радиация мөлшері мүлдем аз.

Жанар Амировна ТАГАЕВА,
рентген лаборант,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет doct.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1326 | Теги: ренгендік зерттеу, Жанар, тагаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]