Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бала босанудан кейінгі торығу (депрессия)

Бала босану әйелдің физикалық жағдайын да, сондай-ақ оның психологиялық жай-күйін де қайта құрады. Өкінішке орай, бұл өзгерістер әрқашан оңды сипат иелене бермейді.
Психиатр мамандар жас ананың психологиялық жай-күйінде бала босанудан соңғы мұңаю, торығу (депрессия) және психоз деп аталатын үші түрінің болатынын айтады.
Бала босанудан соңғы мұңаю жаңа босанған әйелдердің бәрінде түгелдей кездеседі. Бұл психикалық бұзылыстың белгілері туудан соңғы 3-4-ші тәулікте білініп оныншы күні жоғалуы тиіс. Белгілері:
- мазасыздану, көңіл-күйдің ауытқуы;
- ызалану, мұңаю;
- зер салудың төмендеуі, жылау;
- ұйқысыздық.
Бала босанудан кейінгі торығу (депрессия) – жас анада болатын ұзағырақ алаңдау жағдайы. Егер туудан соңғы мұңаю екі аптадан кейін жоғалмаса, әйелдің жағдайының бала босанудан кейінгі торығуға дейін нашарлағаны. Бұл кезде анаға баланы сеніп тапсыруға болмайды, тезірек маманға қарату керек.
Егер қажетті шаралар қолданылмаса торығудың жылдарға немесе одан да ұзаққа созылуы, тіпті бала босанудан кейінгі психозға ұласуы мүмкін.
Торығу белгілері:
- ұйқысыздық, тәбет жоғалту;
- ызалану, шектен тыс ашулану;
- секске қызығушылықтың жоғалуы, шамадан тыс шаршау;
- ұялу, кінәлік сезімі немесе адекватты емес мінез-құлық;
- өзіне немесе нәрестеге зиян келтіру туралы ойлар, туыстарымен қарым-қатынастан бас тарту.
Бала босанудан кейінгі психоз – аса қауіпті психологиялық бұзылыс. Оның реактивті дамуы, бала бір айға толғанша білінуі мүмкін. Белгілері:
- бағдарсыздану, есінің шатасуы;
- галлюцинациялар, паранойя, лағу;
- өзіне немесе балаға зиян келтіру талпыныстары.
Торығудың бастапқы сатысындағы алдын алу шаралары.
1. Дұрыс тағамдану, дұрыс ас ішу режімі ұстанымы. Жас ананың тағам рационында көмірсулар, жемістер мен тәттілер басымырақ болуы тиіс.
2. Жас ананың көбірек тынығуына барынша жағдай жасау.         

Ләззат ҚАСЫМОВА,
акушерка,
перзентхана бөлімі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет depressiya.info сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.09.2015)
Просмотров: 2641 | Теги: Психоз, қасымова, ләззат, мұңаю, торығу (депрессия) | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]