Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Атеросклероздағы мейірбикелік үдерістегі мейірбикенің іс-әрекеті

Атеросклероз – артерия жақтауларының майысқақтығын жоғалтумен қатар олардың өзегінің тарылуымен және кейін ағзаларды қанмен қамтамасыз етудің бұзылуымен сипатталатын созылмалы кесел.
Бұл кеселдегi мейiрбике iс-әрекетi мыналар:
1. Науқасқа жалпы күтім жасау:
- киім-кешегі мен төсек орнын таза ұстап, кірлегенде ауыстырып отыру, пациентке тағайындалған диетаға сәйкес тамақтандыру, палатаны немесе үйдегі жатқан бөлмесін желдету (бұл кезде суық тигізіп алудан сақ болу);
- дәрігердің барлық нұсқауларын бұлжытпай орындау;
- сырқатты диагностикалық тексерулерге дайындау.
2. Бақылау:
- дәрі-дәрмектерді ұдайы қабылдауын;
- пациенттің күн режімін, тынығу және тамақ ішу режімін сақтауын.
3. Сұхбаттар жүргізу:
- ауруханадан шыққаннан кейін кардиологта (аймақтық терапевте) және невропатологта бақылауда болу мен олардың барлық емдік нұсқауларын орындау туралы;
- сырқаттың туыстарымен ауру адамның жадының (есте сақтауының) нашарлауын ескеріп, диета сақтау және дәрілік бұйымдарды дер кезінде қабылдауын бақылау қажеттігі туралы әңгімелесу.

Бота Айтуғановна ЖУМАГУЛОВА,
кезекші мейірбике,
“Казлепрозорий” ММ

Сурет narodnue-sredstva.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 903 | Теги: мейірбикелік үдеріс, атерокслероз, мейірбикелік іс-әрекет, Бота, жумагулова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]