Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Асқазан қыжылындағы алғашқы көмек

Асқазан қыжылы өңештің жолында, төс астында байқалатын ашу сезімі. Ол шарт бойынша ас ішкеннен соң және науқас жатарда пайда болады. Қыжылдың себебі асқазандағы қышқыл заттардың толық емес жабылған сфинктер арқылы өңештің шырышты қабығына кері ақтарылуы. Ол көбіне жоғары қышқылдығы бар асқазан сөлінің шектен тыс мөлшерінде кездеседі, алайда кейде қалыпты және төмендеген қышқылдығы бар адамдарда да пайда болады.
Асқазан қыжылы болғанда оның себебін пысықтау қажет, ал оны алып тастау үшін жарты стақан сүт немесе сілті: бір шымшым натрий карбонатын (ас содасын) және жартылай магнезиймен қабылдаған жөн.
Гастроэзофагеалдық рефлекс болғанда науқасқа бөліктелген тағамдану қажет: асты аздаған мөлшермен жиі қабылдау. Тағамның қою немесе қатты консистенцияда болғаны дұрыс; ас ішкеннен кейін бір сағат бойына тік кейіпте болу қажет. Тамақты соңғы ішу түнгі ұйқыға дейін 3 сағаттан кем болмауы керек. Сырқатқа керуетінің бас жағын 15-20 см көтерген күйде жатқан абзал.
Алкогольді, кофені, шоколадты, майларды және асқазан сөлін өндіруді ынталандыратын басқа азық-түліктерді қабылдауды шектеу қажет.
Асқазан қышқылының толық себебін гастроэнтеролог дәрігер анықтайды. Сондықтан аталған маманға қаралып, нақты себебін анықтап және сәйкесінше ем алған жөн.        

Жаудир Молдаахметжановна ЯХИЯЕВА,
мейірбике,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жаңақорған ауданы

Сурет www.paulhartmann.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 2498 | Теги: яхияева, алғашқы көмек, жаудир, асқазан қыжылы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]