Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдің адам организміне зияны

Алкогольдiк тәуелдiлiк - бұл адамның өз еркiмен iшiмдiктен ажырай алмау жағдайы.
Алкогольдi iшiмдiктердiң адам организмiне тигiзетiн зияны жеткiлiктi. Ол  орталық нерв жүйесiнде  ойлауды,  есте сақтауды, зейiн қоюды, үйлесiмдi қимылды төмендетедi. Iшкiш адам өз басында әлсiз эйфорияны кешiредi. Ал алкоголь мiнез-құлық және эмоционалдық сфераны қадағалайтын ми телімдерiне әсер ете бастағанда, адам өз әрекетiне бақылау жасай алмайды. Алкоголь көңiл-күйде шұғыл ауытқулар  мен күштi эмоциялық реакциялар тудырады.
Алкоголь ми торшаларындағы нерв импульстарының берiлуiн бұзып, орталық нерв жүйесiн күйретедi. Аса көп мөлшердегi алкоголь  ұйқы келтiрiп, ауыруды сезу қабiлетiн жоғалту, тыныс тарылу, кома, өлiм жағдайын тудырады.
Бауырда:  алкогольдi ұдайы iшу алкогольдiк гепатитпен (бауырдағы қабыну процесстерi  және оның торшаларының бұзылуы), одан соң циррозбен (бауыр клеткаларының қайтымсыз зақымдануы және бұзылуы, тыртық пайда болуы) аяқталуы мүмкiн. Бауырда май жиналып, бауырды май басуға, комаға және өлiмге жетелейдi.
Көру мен есiту, иiс және дәм сезу төмендейдi, ауыруды сезу жоғалады. Уақыт пен кеңiстiктi бағдарлау бұзылады, қимыл үйлесiмдiгi ауытқиды, реакция баяулайды, сексуалдық мүмкiндiктер төмендейдi.
Алкогольді ішімдікті ұдайы және үзбей тұтыну нәтижесінде жүректе: алкоголь жүрек бұлшық етiн әлсiретедi (кардиомиопатия), жүрек көлемiнiң ұлғаюына, жүрек ырғағының бұзылуына ықпал етедi. Жүрек қыспасы мен инфаркт қауiпi пайда болады.

Клара Курмановна ТУЛЕБАЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет mjnovosti.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1232 | Теги: тулебаева, алкогольдің зияны, Клара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]