Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туляремия қандай дерт?

Туляремия – лимфа түйіндерін, теріні, кейде көз, көмекей кілегей қабықтарын және өкпені зақымдайтын табиғи-ошақтық жедел жұқпа. Туляремия жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен, ұзақ мерзімді қызбамен, кең жайылған лимфаденитпен, бауыр мен талақтың ұлғаюымен (гепатоспленомегалиямен), полиморфты бөртпемен және басқа белгілермен өтеді.

Туляремияның ерекшеліктік диагностикасы серологиялық реакциялармен (ИФА, РА, РНГА) ПЦР-мен, тері-аллергиялық сынмалармен жүргізіледі.

Туляремияны емдеуде бактерияға қарсы (антибактериалды), уытсыздандыру (дезинтоксикациялық) ем және іріңдеген бубондарды хирургиялық тілу мен дренирлеу жүргізіледі.

Туляремияның қоздырғышы аэробтық грамтеріс таяқшалық бактерия. Сыртқы ортада жақсы сақталады.

Жұқпаның резервуары мен көздері – жабайы кеміргіштер, құстар, кейбір сүт қоректілер (қояндар, иттер, қойлар және басқ.). Бірақ ауру адам зарарлы емес.

Туляремияның профилактикасы.

Алдын алу шараларына дерттің таралу көздерін залалсыздандыру, жұқпаның берілу жолдарына тосқауыл қою жатады.

Профилактикалық мақсатта аталған қоздырғыш бойынша эндемиялық аудандардың тағам және ауылшаруашылық кәсіпорындарының санитарлық жағдайы, дератизация мен дезинсекция зор мәнге ие.

Жұқпадан қорғанудың жеке шаралары жабайы жануарларға аңшылықта (терісін сылу, мүшелеу), дератизацияда (уландырылған кеміргіштерді жинағанда) аса қажет. Қолды қолғаппен қорғау, немесе жануармен контакттан соң мұқият дезинфицирлеу керек. Кеселдің алиментарлық жолын кесу үшін арнайы өңдеусіз, тегі беймәлім су көздерінен су ішпеген жөн.

Туляремияның ерекшеліктік профилактикасын туляремиялық вакцинамен жүзеге асырады.      

 

Гульмира Оралбековна КУТУМУРАТОВА,

дәрігер-бактериолог,

Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы

Фотосурет Mosquito Magne сайтынан алынып, қазақшаланды.

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (05.02.2018)
Просмотров: 394 | Теги: гульмира, туляремия, обаға қарсы күрес стансасы, кутумуратова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]