Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез, жүктілік және бала босану

Туберкулезге шалдыққан әйелдердің көбісінде туберкулезге қарсы препараттардың көмегімен жүктілік кезеңіне қарай туберкулезден сауықтыруға немесе оны тұрақтандыруға қол жетеді.
Жүктілік пен бала босану, эндокриндік жүйенің, иммунитет ағзаларының, зат алмасудың қайта құрылуымен бірге жүретін туберкулезбен науқастану тұрғысында қауіп факторларына айналады.
Жүктілік пен бала босанудан кейінгі кезеңде туындаған туберкулез әдетте аса ауыр өтеді.
Әйелдерде туберкулездің түрлі формалары анықталады, көбіне шектелген түрі, сирек жағдайда фиброзды-кавернозды туберкулез табылады.
Жүктіліктің алғашқы триместрінде пайда болған туберкулезге тән ерекшеліктік клиникалық сурет болмайды. Туберкулездік уыттану (интоксикация), әлсіздік, дімкәстану, тәбеттің төмендеуі, жүдеу сияқты белгілер екі қабат әйелдің токсикозымен түсіндірілуі мүмкін, бұл туберкулезді дер кезінде диагостикалауды қиындатады.
Жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдегі туберкулез науқастың жағдайының елеулі өзгеруінсіз өтеді. Олардан кесел тыныс алу ағзаларына шағым болғандағы тексерілуде анықталады.
Мұндай шағымдар пайда болғанда акушер-гинеколог екі қабат әйелді туберкулезге қарсы диспансерге жолдайды. Сол жерде оған өкпенің рентгенографиялық зерттеуі, қақырықты туберкулез микобактериясына (ТМБ) тексеру, қан, зәр талдаулары жасалады.
Бала босанғаннан кейін әйел анаға (алғашқы жылы 2-4 зерттеу) және баланың айналасындағы адамдарға флюорографиялық зерттеулер атқарылады.
Жүкті әйелдегі, бала емізетін аналардағы туберкулезді емдеу туберкулездік ауруханада немесе санаторийде жүргізіледі. Жүкті әйел мен ұрық үшін қауіпсіз препарат изониазид болып табылады. Лактация кезінде химиотерапия жүргізілмейді.     

Жұмагүл Байжігітқызы ҚАЗЫБАЙ,
І-ші санаттағы фтизиатр дәрігер,
диспансер бөлімінің меңгерушісі,
“Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер” КММ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет zhdumalisha.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (07.05.2015)
Просмотров: 2077 | Теги: туберкулез және жүктілік, ТМБ, қазыбай, жұмагүл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]