Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Такаясу синдромы

Такаясу синдромы спецификалық емес обструктивті артериит болып табылады. Көбіне жас әйелдер ауырады. Бұл синдромды аутоиммундық кесел ретінде қарастырылған мен, оның этиологиясы әлі анықтылмаған.
Дерттің алғашқы фазасы қызбадан, дімкестенуден, тәбет жоғалтудан, түнде қатты терлеуден және мезгіл сайынғы буын сырқыруынан (артералгиядан) басталады. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭТЖ) артады.
Одан соң жалпы белгілер, үдеріске ірі артериялардың, атап айтқанда ортаның және оның негізгі тармақтарының қосылу симптомдарымен алмасады. Бұл жергіліеті ауырулардың және шулардың пайда болуымен білінеді. Дерттің белсенділігі уақыт өте келе өзгереді.
Күре тамырдың өткізгіштігінің бұзылуы ишемиялық ретинопатияны, көрудің нашарлауын, естен танумен бас айналуын шақырады. Бұғана асты артериялары үдеріске қамтылғанда парестезия дамиды, қолдардағы ауыру және тамыр соғысының жоғалуы пайда болады.
Кейбір жағдайларда өкпе артериалары да зақымданады. Бүйрек артериялары дерттенгенде немесе аортаның супрареналдық обструкциясында көптеген жағдайларда артериалдық гипертензия (АГ) дамиды.
Артериалдық гипертензияның қолдағы тамыр соғысының жоғалуымен бірге келуі синдромға кері коарктация атауын береді. Диагноз аортаны ангиографиялық зерттеу арқылы нақталанады.
Реконструктивтік қан тамырлық операция сырқаттың жағдайын жеңілдетуі мүмкін.        

Гулнар Жаксылыкқызы УСЕНОВА,
облыстық медициналық орталық,
кеңес беру бөлімі,
терапевт дәрігер

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (24.09.2014)
Просмотров: 1293 | Теги: ЭТЖ, АГ, Гулнар, Такаясу синдромы, усенова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]