Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Сарып (бруцеллез)

Сарып (бруцеллез) жануарларды да, адамдарды да зақымдауға қабілетті жұқпалы ауру. Бұл кеселдің жеке шаруашылықта және фермада жұғуы мүмкін.

Жануарларда бруцеллезді Brucella туыстығындағы бактериялар шақырады. Дерт қоздырғышын көптеген үй және жабайы жануарлар қабылдағанымен, ол құстарға әсер ете алмайды.

Зиянды бактерия қоршаған ортаға жануарлардың бөліністері, түсік материалдары, сүт, сперма, зәр және нәжіс арқылы түседі.

Жұқпа ошағындағы жұмыстан соң мал дәрігерінің құралдары мен арнайы киімі де зарарлы болып есептеледі.

Дерттің таралуы маусымға байланысты емес. Контактта болғандарды тез зақымдау қауіпіне байланысты сарып карантиндік аурулар тізімінде тұр.

Табынға ауру мал қосылғанда олардың басым бөлігі тез арада ауру жұқтырып үлгіреді. Кесел дер кезінде анықталмаса, созылмалы түрге көшеді.    

Сарыптың жасырын кезеңі адамдарда аптадан бірнеше айларға созылады. Аурудың біліністері сан алуан. Сарып дімкәстанумен, бас ауруымен, ызаланумен, бұлшықет пен буын сырқырауымен басталады. Тәбет төмендеп, дене қызуы 37,3оС-ге дейін көтеріледі. Кейде ол 40оС-ге дейін жетеді. Дерт ағымы 3 айдан 2 жылға дейін созылады.

Сарыптың алдын алуға жете көңіл бөлінуі тиіс. Ірі қара малмен немесе қауіпті болуы ықтимал материалдармен жұмыс істейтіндерге екпе егіледі. Ауру малды союға жібергеннен кейін қораны, құралдарды, көңді, жемді ыждағатты зарарсыздандырады. Жұқпа бойынша қолайсыз аудандарда қалған мал айына 2 рет тексеріледі.

Сурет Медицинский справочник NeBolet сайтынан алынды.

Гүлжазира Сисенбекқызы ЕСҚАБЫЛОВА,

дәрігер-бактериолог

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (12.03.2018)
Просмотров: 486 | Теги: сарып, гүлжазира, Бруцеллез, алдын алу, есқабылова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]