Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Құрсақ қуысының рентгені

 

Құрсақ қуысы – бұл іштің қуысы.

Көбіне рентгенологиялық тұрғыда мыналар зерттеледі:
- қарын-ішек жолдарының немесе ас қорыту жүйесінің ағзалары (өңеш, асқазан, тоқ және аш ішек, бауыр, өт қалтасы, ұйқы безі);
- сыртқа бөлу жүйесі (бүйрек, зәр түтіктері, қуық, уретра);
- ұрпақ өрбіту (репродуктивтік) жүйе (жатыр, аналық без, ұрық жолдары, аталық без).
Құрсақ қуысын зерттеудегі алғашқы рентгендік диагностикалық тәсіл шолу рентгенограммасы болып табылады. Қазіргі кезде құрсақ қуысын сәулелік тексеруді әдетте ультрадыбыстық зерттеуден бастайды.
Дегенмен, шұғыл жағдайларда пациентке әдетте шолу ренгтенограммасын жасайды, бұл одан арғы әрекеттер жоспарын тез және жеткілікті ықпалды анықтауға ерік береді. Шолу суретінен басқа құрсақ қуысы ағзаларының жағдайын бағалау үшін контрасттық рентгенограммалардың немесе рентгеноскопияның әр түрі, сондай-ақ томографияның түрлі нұсқалары – классикалық та, сонымен қатар компьютерлік те (КТ) қолданылады.
КТ есепке алғандағы қазіргі замандағы сандық технологиялар паренхиматозды органдардың (бауыр, талақ, ұйқы безі) жағдайын ғана емес, сондай-ақ қуыс ағзалардың (асқазан, ішек, қуық) жағдайларын бағалауға ерік береді.
Құрсақ қуысының сәулелік диагностикасы УДЗ және рентгенмен шектелмейді. Ақапараттығы бойынша рентгендік компьютерлік томографиямен тең келетін магнитті-резонансты томография (МРТ) кеңінен қолданылады.    

Мурат Болатович МАКАТОВ,
рентгенолог дәрігер,
облыстық медицина орталығы,

Галия Нуровна МАКАТОВА,
рентгенолог дәрігер,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет www.health-ua.org сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.06.2015)
Просмотров: 1231 | Теги: Кт, рентген, макатовтар, УДЗ, МРТ, Мурат, галия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]