Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қаңқаның (скелеттің) рентгені

Рентгенологиялық тәсіл – қаңқаның жағдайын жоғары сапада нақтылаудың (диагностикалаудың) жалғыз әдісі. Ол адамның тірек-қимыл жүйесін қозғалыста зерттеуге, скелет пен оны қоршаған тіндердің көптеген кеселдерін анықтауға ерік береді.

Сүйектік қаңқаның ерте өзгерістерін, жарақаттық зақымдануларды зерттеу үшін рентгендік бейнені тура үлкейту суреттері атқарылады. Скелеттің қиын құрылымындағы (бас сүйек, омыртқа, күрделі буындар) патологияларды анықтағанда әдеттегі (сызықтық) томография қолданылады.
Қазіргі кезде барынша ақпараттық тәсіл компьютерлік томография (КТ) болып есептеледі. Оның көмегімен сүйектердің құрылымын, сүйек тініндегі ұсақ, майда өзгерістерді көруге болады. Магнитті-резонансты томографияның (МРТ) көмегімен атқарылатын суреттерде сүйек құрылымы нашар көрінеді, алайда ол сүйек майын, сіңірлерді, байламдардың және сүйектің айналасындағы жұмсақ тіндердің құрылымы мен жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді. Радионуклидтік диагностика (РНД) сүйектер мен буындардағы минералдардың алмасу процесін зерттеуге жол ашты.
Сіңірлік тіннен сүйектік тінге толық өту адамда 25 жаста аяқталады. Сүйектің қалыптасу үдерісі белгілі бір хронологиялық ретте өтеді. Бұл рентгендік диагностика көмегімен скелеттің дамуының дұрыстығы мен дер кезділігін бағалауға, аталған процесстің бұзылысын, барлық скелет пен оның жеке бөліктерінің даму аномалияларын анықтауға ерік береді.
Ересек адамның қаңқасы бір-бірімен байланысқан шамамен 220 сүйектен құралады. Сүйектердің кейбір байланысуы мүлдем қозғалыссыз, мысалы, бас сүйек байланысы (тігістер), кейбірі қозғалыста немесе жартылай қозғалыста (буындар, синдесмоздар).
Барлық сүйектердің өлшем формасы мен кейіпі рентгенограммаларда анық көрінеді.   

Мурат Болатович МАКАТОВ,
рентгенолог дәрігер,
облыстық медицина орталығы,

Галия Нуровна МАКАТОВА,
рентгенолог дәрігер,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет hvatit-bolet.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.06.2015)
Просмотров: 1286 | Теги: РНД, Кт, рентген, макатовтар, МРТ, Мурат, галия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]