Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ОБА ҚАНДАЙ ДЕРТ?

Оба – жұқпалық тегі бар жедел індет. Аса қауіпті жұқпалар қатарына жатады және эпидемиялық ошақ түрінде кездеседі. Дерті үдегенде лимфа түйіндері, тері жамылғылары зақымданады, уыттану синдромы науқаста анық білінеді. Дерттің көзі кеміргіштерде болады, ауруды бүргелер таратады. Оба қоздырғышы бүргенің организміне еніп, ас қорыту түтігінде белсенді көбейеді.

Оба зооноз кесел болып есептеледі, яғни ол адамға жұқпаланған жануардан беріледі. Дегенмен, ғалымдардың көбісі обаны зооантропонозды дерттер қатарына жатқызады. Өйткені обаның таяқшасы жануардан да, сондай-ақ зарарлы адамнан да (обаның өкпелік түрінде ауа-тамшы жолымен) берілуі мүмкін.

Оба терілік, бубондық, өкпелік және септикалық түрде өтеді.

Обаның бубондық немесе басқа түрлерінің жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2 аптаға дейін созылады. Өкпелік немесе бубондық обаның алғашқы белгілері әдетінше өте айқын: қызба тез пайда болады, адам қатты қалтырайды, дене қызуы күрт жоғарылайды.

Температура осы күйде науқас сауыққанша немесе дүниеден өткенше сақталады. Дене сырқырап, әлсіздік, жүрек айнуы, қатты шөл пайда болады. Обаның өкпелік түрінде қан аралас жөтел, сондай-ақ қанды құсық білінеді. Науқаста «оба маскасы» орын алады. Мимикасы қатты қорыққан немесе жапа шеккен адам түрінде болады.

Обаны анықтау арнайы лабораторияларда серологиялық, микроскопиялық, бактерологиялық тәсілдер қолданылып жүргізіледі. Емі маманданған ауруханаларда атқарылады.

Профилактика кезінде ерекшеліктік арнайы вакцина енгізу қолданылады. Адам дерттен сақтану үшін оның қалай берілетінін ұдайы есте сақтауы қажет. Мысалы, жануарлармен және оба дерті болуы мүмкін ауру адаммен жұғысуды (контактты) мейілінше мүлдем болдырмағаны жөн. Әсіресе ауырған түйе малымен жұғысты болмау жолдарын қарастырғаны дұрыс.

 

Кулаим Асиловна АХМЕТОВА,
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы,
обаны және аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау және профилактикасы зертханасының бактериолог-дәрігері

 

Фото Etcetera.media сайтынан алынды.

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2018)
Просмотров: 601 | Теги: обаға қарсы күрес, кулаим, оба, ахметова, «оба маскасы» | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]