Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Никотиннің адам организміне әсері

Темекі зақымдамайтын адам организмінде ағза жоқ: бүйрек пен қуық, жыныс бездері мен қан тамырлары, ми мен бауыр түгелдей шылым зардабына ілігеді. Ғалымдар шылымқорлықтың ересек адамға қарағанда өсіп келе жатқан организмге екі есе қауіпті екенін анықтаған. Ересек адамға өлім тудырар доза сигареттің бір қорабында, ал жасөспірімдерге жарты қорапта болады. Егер шылым дәл осылай бірден шегілсе, адам о дүниеден бір-ақ шығады.
Қыздардың организміне никотин күштірек әсер етеді: “тері солады”, дауысы тез қарлығады.
Темекіні тастаудың әр кезде мәні бар. Егер дерт әлі дамымаса, онда кесел қауіпі біртіндеп азая бастайды, ал темекіні қойғаннан кейін он жылдан соң денсаулық қайта қалпына келеді.
Шылымқорлардағы өкпе қатерлі ісігінің тоқсан процент оқиғасы темекі тартуда байқалады және бұл кеселдің басты күнаһары дәл осы қара май (смола) болып табылады.
Никотин миға және нерв жүйесіне әсер етеді; жүрек соғысы жиілейді және қан тамырларын кішірейтеді, сол арқылы жүрек-қан тамыр кеселдерінің дамуына даңғыл жол ашылады.
Шылымқорлық - адам тап болған ең қауіпті әдеттердің бірі.
Жер жүзінде темекі тудырған дерттерден жылма-жыл 1,5 миллион адам қайтыс болады. Никотиннен гөрі қара май мен темекінің жану өнімдері, яғни канцерогендері (қатерлі ісік тудыратын заттар) қауіптірек.
Пассивті шылым шегуші, яғни темекі түтінін еріксіз жұтатын адам бір сағатта белсенді темекі тартқандармен бір бөлмеде болса, жарты сигарет шеккендей күйге түседі.
Статистика бойынша, Европа елдерінің 37-ден 40 мыңға дейінгі тұрғыны “пассивті” темекі тарту шақырған жүрек-қан тамыр кеселдерінен дүниеден өтеді.    

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет www.sarclinic.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (30.01.2015)
Просмотров: 2769 | Теги: қара май, сейлханова, никотин, гулаим, “пассивті” темекі тарту | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]