Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Невроз деген не?

Невроз – бұл көптеген оқиғаларды ұзақ, ауыр күйзелінетін стресстік жағдайлардан туындайды. Бұл өз кезегінде психологиялық адаптацияны бұзып, нерв жүйесінің таусылуын (ызалану мен жоғары шаршауды), алаңдауды және вегетативтік бұзылыстарды (терлеу, жүрек соғу, асқазанның жұмысының бұзылуы және т.б.) шақырады.
Невроздың негізгі біліністері:
- стресстерге жоғары сезімталдық – елеусіздеу стресстік оқиғаға адамдар шарасыздықпен немесе озбырлықпен (агрессиямен) реакция береді
- жыламсақтық
- өкпелеу, жанының жаралануы
- алаңдау
- психожарақаттаушы жағдайға жабысып қалу
- жұмыс істеуге талаптанғанда – жад, зейін, ойлау қабілеттерінің төмендеуі
- қатты дыбысқа, жарқын жарыққа, температураның ауытқуларына сезімталдық
- ұйқы бұзылысы: адамның қатты қозудан ұйықтауы қиындайды: құс ұйқы, алаңдаулы, жеңілдік әкелмейтін ұйқы болады, көбіне таңертең ұйқы басады
- вегетативтік бұзылыстар: тершеңдік, жүрек қағуы, артериалды қысымның ауытқуы (көбіне төмендеуге бейім)
- кейде – либидо мен потенцияның төмендеуі.
Алаңдау – невроздың кең тараған білінісі. Алаңдау біліністері сан алуан.
Эмоционалдық алаңдау – қандай да бір нақты оқиға туралы тұрақты алаңдаушы ойлар немесе өткен оқиғаларды жабысқақ алаңдаулы ойлау.
Физикалық алаңдау - әдетте бұлшықеттік қатаюмен, босаңсудың мүмкін болмауымен білінеді.
Невроздарды емдеу кеселдің шығу тегіне байланысты жеке дара жүргізіледі.    

Дархан Жайшылыкович АГИБАЕВ,
психиатр дәрiгер,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жалағаш ауданы

Сурет timelady.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (24.05.2015)
Просмотров: 2117 | Теги: невроз, алаңдау, Агибаев, Дархан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]