Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Нашақорлықтағы уытсыздандыру (детоксикация) тәсілі

Уытсыздандыру (детоксикация) – бұл апиындықтар шақырған нашақорлықты емдеу әдістемелерінің бірі. Уытсыздандыру пациенттің денелік (физикалық) тәуелділіктен арылуына мүмкіндік береді. Детоксикация процедурасының әсерінен психикалық тәуелділік, сондай-ақ есірткі заттарын тұтынудың басқа теріс зардаптары өзгермейді. Жәй сөзбен айтқанда детоксикация морт сынудан арылтады, ал басқа проблемалар нашақорда сақталады.
Уытсыздандырудың мәні науқастың организмінен героинді толық ығыстыратын препаратты енгізу. Әдетте бұл екі апта, алты сағатқа созылатын морт сынуды тездететін налоксон немесе налтрексон.
Мұны бойдан өткізуге наркоз керек. Уытсыздандыру хирургиялық операция сияқты жалпы жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Пациент басқарылатын терең дәрі-дәрмектік ұйқы жай-күйінде жатады.
Әрине, наркоз бен дәрі-дәрмектік морт сыну – белгілі бір тәуекелі бар араласу. Тәсілдің артықшылығы көзге көрінеді, өйткені морт сыну апиындық нашақорлықпен сабақтас ең ауыр күйзелістердің бірі.
Детоксикация процедурасынан кейін науқасқа таблетка түріндегі налоксон беріледі (немесе оның қордағы капсуласын тігеді). Осылайша ең кемі үш ай апиындықтар нашақорда эйфория шақырмайды. Бұл әдіске белгілі бір қарсылықтар бар. Уытсыздандыру алдында қанның клиникалық және биохимиялық талдауын тапсыру, қан тобы мен резус факторын, Вассерман реакциясын, ЖИТС-қа, В және С гепатитіне қан тапсырып анықтау қажет. Сырқаттан басқа ауыр кеселдер табылғанда уытсыздандыру жүргізілмейді.  

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК 
 

Сурет narkologiya-belgorod.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (26.01.2015)
Просмотров: 884 | Теги: ЖИТС, сейлханова, уытсыздандыру, нашақорлық, гулаим, В және С гепатиті | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]