Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЛИСТЕРИОЗ ЖӨНІНДЕ

Листериоз – листерия шақыратын бактериалдық зооноздар тобындағы жұқпалы дерт. Берілу жолы негізінен – алиментарлық, яғни асқазан-ішек жолдары арқылы. Бұл кесел мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің, орталық нерв жүйесінің (ОНЖ), бауырдың, талақтың зақымдануымен, септикалық ұзақ ағыммен сипатталады. Көбіне ангинозды-септикалық және нервтік клиникалық түрде білінеді.

Листериоздың қоздырғышы - Listeria monocytogenes. Жұқпа көзі түрлі кеміргіштер (кәдуілгі дала тышқандары, су егеуқұйрықтары, үй тышқандары және т.б.). Сондай-ақ қояндар, түлкілер, тиындар, бұғылар, үй жануарлары мен құстар дерт көзі бола алады.

Адамның листериозбен жұқпалануы көбіне алиментарлық жолмен өтеді. Олар – толық термикалық өңдеуден өтпеген сүт, ет, сондай-ақ су. Сойылған немесе өлген жануарлардың терісін өңдегенде контакты жұғу жолының, ауру жануар тұрған бөлмені тазалағанда, олардың жүнін, терісін, қауырсынын өңдегенде аэрогендік жұғу жолының болуы ықтимал. Жұқпаның кене шаққанда трансмиссивтік берілу жолы екінші орындағы мән иеленеді.

Аурудың маусымдық бас көтеру мезгілі бұған тән емес, бірақ адамдардың жұқпалануы көктем мен жазда жиі байқалады.

Дерттің жасырын кезеңі 3-45 тәулікке, жиірек 18-20 күнге созылады. Листериоздың барлық түрі жедел, қалтырап-тоңумен, дене қызуының жоғарылауымен, бас ауруымен, бұлшықет сырқырауымен (миалгиямен) басталады.

Листерияны анықтау үшін қан, жұлын сұйығы, мұрыннан, жұтқыншақтан алынған жуынды су, байыту ортасына немесе ет-пептондық агарға себіледі. Ерекшеліктік тәсілге РИГА мен РСК жатады. Сонымен қатар листериоздық аллергенмен терішілік сынама жиі қолданылады.

Листериоздың алдын алу үшін ауру жануарларды анықтау мен оқшаулау, егер қажет болса – емдеу, дезинфекция, дератизация жүргізу керек.

Жүкті әйелдердегі листериозды ерте диагностикалау және оларды дер кезінде емдеу міндетті. Ауырлаған акушерлік анамнезі бар әйелдер листериозға тексерілуге жатады. Листериозлың ерекшеліктік профилактикасы жасалмаған.  

 

 Сурет Медицинский вестник сайтынан алынды.

 

Гүлжазира Сисенбекқызы ЕСҚАБЫЛОВА,

дәрігер-бактериолог

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (21.12.2017)
Просмотров: 372 | Теги: листериоз, бактериолог дәрігер, есқабылова, гүлжазира | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]