Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Холера туралы қажетті қысқаша ақпарат

Холера – бұл холера вибрионының бактериясымен залалданған тағамды немесе ауыз суды тұтынудан болатын өте жұқпалы ауру.

Холера бұрын суды тазартудың қазіргі тәсілдері болмаған кезде кең тараған. Дегенмен, әлемнің кейбір елдерінде ол елеулі проблема түрінде қалып отыр. Жер шарында әр жыл сайын 3-5 миллион адам холерамен ауырады. 100 мыңдай оқиғаның соңы өліммен аяқталады.

Холера вибрионы мыналарда болуы мүмкін:

- суағардағы суда және сол судан әзірленген мұзда;

- көше сатушыларынан сатып алынған тағамдық азық-түліктерде және сусындарда;

- суаруда адам тіршілігінің қалдығы бар су қолданылған көкөністерде;

- лас судан ауланған шикі және нашар әзірленген теңіз азық-түліктерінде.

Холера бактериялары организмге түскеннен соң, ішекте денені улайтын заттар бөледі. Соның салдарынан адамның іші қатты өтеді.

Холераның белгілері кесел жұққан сәттен бастап бірнеше сағаттан бес тәулікке дейінгі кезеңде басталуы мүмкін. Шамамен, жиырма оқиғаның бірінде дерт күшті құсумен бірге өтеді.

Дененің сусыздануының белгілері:

- жүрек қағуы,

- терінің өз серпінділігін жоғалтуы,

- кілегей қабықтың құрғауы (ауыз, көмекей, мұрын мен көз),

- төменгі артериалды қысым,

- шөлдеу,

- бұлшықеттің түйілуі, тартылуы.

Холераның профилактикасы.

Холераға қарсы арнайы вакцинаның болғанымен, оның ықпалдылығы шамалы, сондай-ақ әсері бірнеше айға дейін ғана созылады.

Холерадан сақтанудың ықпалды шарасы тек қайнатылған, химиялық зарарсыздандырылған немесе арнайы бөтелкеге құйылып, дайындалған суды ғана тұтыну.

Холера емдеуге өте жақсы көнеді, дегенмен сусызданудың тез өтуіне байланысты дерттің алғашқы белгілері білінгенде-ақ дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайды.    

 

Гульмира Оралбековна КУТУМУРАТОВА,

дәрігер-бактериолог,

Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы

Фотосурет Sputnik Казахстан сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (19.07.2017)
Просмотров: 397 | Теги: обаға қарсы күрес стансасы, кутумуратова, гульмира, холера | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]