Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Иіс тиюдегі реанимациялық шаралар

Иісті газ (көміртек тотығы) көміртегі бар заттар толық жанбағанда түзілетін түссіз газ болып табылады. Өндіріс жағдайында газдың аздаған дозасымен атмосфералық ауаның ластануы мүмкін. Бұл ұзақ әсер еткенде созылмалы улануға жетелейді. Созылмалы улану оқиғалары бу қазандығы, автотұрақ, мартендік және болат құю цехтарының жұмысшыларында байқалады.
Иісті газбен жедел улану әдетте тұрмыста кездеседі.
Иісті газ қанға еніп, гемоглобинмен қосылысқа түсіп, одан гемоглобинді ығыстырады. Иісті газбен қосылған гемоглобин оттегі тасу қабілетінен айрылады. Соның нәтижесінде тіндердің оттегімен ашығуы пайда болады. Бұған нерв жүйесі аса сезімтал. Иісті газбен уланудың клиникалық суреті осымен анықталады.
Иісті газбен жедел уланудың жеңіл, орташа және ауыр дәрежесінің білінуі мүмкін.
Уланудың жеңіл және орташа дәрежесі аз немесе үлкен қарқындықтағы бас ауруымен, жүрек айнуымен, құсумен, жалпы әлсіздікпен, жүрек қызметінің бұзылуымен, қысқа мерзімді естен танумен білінеді.
Ауыр дәреже жүрек қызметі мен тыныс алудың бұзылысымен, еріксіз зәр ағумен, барлық беткейлі және терең рефлекстердің жоғалуымен бірге коматоздық жай-күйдің дамуымен сипатталады. Сопақша мидың тыныс алу немесе жүректік-қан тамырлық орталығының салдануынан (параличінен) өлімнің туындауы мүмкін.
Иісті газбен жедел уланудағы алғашқы көмектің мәні зардап шегушіні улану аймағынан шұғыл алып шығу және тыныс алу мен жүрек қызметін қалпына келтіру үшін реанимациялық шараларды қолдану болып табылады: карбогенді иіскету, цититон, лобелин, басқарылатын аппараттық тыныс алдыру, жүректік бұйымдар, алмастырып қан құю, кальций хлоридін енгізу және т.б. Жедел қозу мен құрысуларда хлоралгидрат, аминазин нұсқалады.
               
 

Бахытжан Абуұлы ТАЙМАНОВ,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК

Сурет www.kazmed.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (21.05.2015)
Просмотров: 1055 | Теги: реанимациялық шаралар, карбоксигемоглобин, иіс тию, тайманов, Бахытжан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]