Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Дезоморфин – аса қауіпті есірткі

Дезоморфин (кең тараған атауы “қолтырауын”) – героиннен кейінгі екінші орын иеленетін аса танымал есірткі. Дезоморфиннің зардаптары адам шошынарлық, дезоморфиндік нашақордың өмірінің ұзақтығы бар болғаны бір-ақ жыл, көбіне одан да аз.
Дезоморфиннің құрамына кодеин және тионилхлорид кіреді, бірақ бұл өнеркәсіптік нұсқа, үйде қолдан әзірленген “қолтырауыннан” бар затты кездестіруге болады: йод, сілтілер, бензин, мистер мускул, кодеині бар дәрілік препараттар, еріткіштер және көптеген басқа қоқыстар. Дені сау адам мұны өз тамырына енгізбес еді.
Дезморфиннің тарихына үңілсек, 1930 жылдары морфинге ұқсас зат іздестіру бойынша зерттеулер нәтижесінде жаңа есірткі дезоморфин - “қолтырауын” пайда болды. Дезоморфин алғашында әсері күшті анальгетик болып көрінгенімен, оның ауру басатын әсері қысқа мерзімді болып шықты. Керісінше адам организміне оның уыты мен озбырлығы басым еді. Қазіргі сәтте дезоморфинді дәрілік препарат ретінде мүлдем өндірмейді.
Бұл есірткі екі-үш қолданғаннан кейін психологиялық тәуелділік, бірнеше рет тұтынудан соң тұрақты физикалық тәуелділік шақырады.
Есірткінің “қолтырауын” деп аталуы тегін емес, өйткені бірінші инъекциядан соң нашақордың терісінде іріңді қабыну пайда болады. Бірнеше уколдан кейін оның терісі қолтырауын терісіндей “шұбар ала” түрге енеді (іріңді-көкшіл түсті).
Одан әрі қан тамыр зақымданады, тіндерде ішкі некроздық өзгерістер, көптеген шіру үдерістері, гангреналық қабыну пайда болады. Бұл үдерістер күшті ауыру синдромымен бірге өтеді, оны жою үшін дезоморфинді қайта қолдану қажет. Осылайша нашақор тұйық шеңберге тап болады.
Өкінішке орай дезоморфин иммунитетті төмендетеді, АИТВ жұқтыру қауіпі болады, бауыр мен бүйрек жұмысы бұзылады, аяғын кестіреді, ми уытты зақымданады, салдану, кома және өлім жағдайы туындайды.        

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет aris37.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (01.02.2015)
Просмотров: 993 | Теги: дезоморфин, сейлханова, зардаптары, гулаим, “қолтырауын” | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]