Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Баланың суға кетуіндегі алғашқы шұғыл көмек

Егер суға беті батса, ерте жастағы бала терең емес судың өзінде тұншығады. Бала суық суға кеткенде шоктық жай-күй дамиды. Егер суға кету тұщы суда болса, онда су альвеолалардан қан ағысына барынша тез сіңеді. Эритроциттердің гемолизі, гиперволемия, гипопротеинемия, гиперкапния және гипонатрийемия жүрек қарыншасының фибрилляциясына жетелейді.
Егер суға кету теңіз суында орын алса қанның қоюлануы (гемоконцентрация) мен гиповолемия пайда болады.
Суға кеткен адамда боз немесе көк асфиксияның дамуы мүмкін.
 

Алғашқы шұғыл көмек
Дәрігерлердің және құтқарушылардың жиі қателігі өкпеден суды кетіруге тырысуы. Бұған уақыт шығындамау керек. Суды тек асфиксияның көк түрінде алып тастайды.
Суға кеткен баланы бүгілген аяқтың санына ішімен төмен қарай жатқызады, одан соң кеудесін қолмен қаусырып, бірнеше рет қысады. Ауызын лас заттан, көбіктен тазартады. Киімдерін шешеді немесе жыртады. Суға кеткен адамда асфиктикалық тип болса және тамыр соғысы мен тыныс алуы сақталса, онда басын иіп жатқызады, оттегін тыныстауға береді, кардиотониктер енгізеді.
Егер тыныс алуы мен тамыр соғысы сақталмаса, “ауызба-ауыз” немесе “ауызбен-мұрынға” жасанды тыныс алуы жүргізіледі.
Егер клиникалық өлім болса, жасанды тыныс алу мен жүректің жабық массажын жасау керек. Бұл шаралар ықпал етпегенде жүрекке адреналин енгізіледі. Одан басқа атропин, кальций глюконаты қолданылады. Жүрек қызметі қалпына келгенде строфантин салынады. Боз асфиксияда мүсәтір спиртін иіскетеді.
Тыныс алу, жүрек қызметі қалпына келгенде науқасты ауруханаға жеткізеді. Кейде жүрек дефибрилляциясын жасайды.        

Гульнар Бекетовна КУАТОВА,
дәрігер педиатр,
Қызылорда дәрігерлік жедел жәрдем стансасы

Сурет mamotvet.ru сайтынан алынды

 

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (26.01.2015)
Просмотров: 1180 | Теги: алғашқы шұғыл көмек, баланың суға кетуі, куатова, гульнар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]