Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯНЫҢ ҚАУІПІ

Артериалды гипертония қан қысымының (ҚҚ) қалыптан тыс көтерiлуiнен туындайды. Қан қысымының деңгейi жүректiң, қан тамырларының, орталық нерв жүйесiнiң (ОНЖ), бүйректiң жағдайына байланысты өзгерiп тұрады. Көп жағдайда толқулар, қатты ашулану, қапаланып қайғыру қан қысымының артуына ықпал етедi. Гипертонияға тұқым қуалау факторы да әсер етедi.
Дерт артериялық қан қысымының көрсеткiшiне және адамның жай–күйiне байланысты 3 сатыға бөлiнедi. Уақытша көтерiлу - 130/85 – 139/89 ммсынбағ.
I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып, шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады. Бұл жағдайлар дұрыс демалып, тыныштандыратын дәрiлерден кейiн қалпына түседi.
II – саты: Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 ммсынбағ аралығында болады және бас ауруы, жүрек айнуы, жүрек шаншуы, бас айналуы мүмкiн. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседi. Бұл жағдайда жүрек, ми қан тамырларында өзгерiстер пайда болады және қан қысымын төмендететiн дәрiлер қабылданған соң қалпына келгенiмен тұрақты бiр көрсеткiште тұрмайды.
III – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 ммсынбағ–дан бастап және одан жоғары көрсеткiште үнемi болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттерi мен қан тамырлары жақтауларында болған қауiптi өзгерiстерге (атеросклероз) байланысты ауытқулардың болуы мүмкiн:
- Инсульт /ми қан тамырларының зақымдануы/;
- Миокард инфарктiсi /жүрек қан тамырларының зақымдануы/;
- Бүйрек жұмысының жеткiлiксiздiгi /бүйрек қан тамырларының зақымдануы/;
- Соқырлық /көз қан тамырларының зақымдануы/.
Гипертония ауруының қауiптiлiгi көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенiн бiлмегендiгiнде. Сондықтан әр жағдайда:
- бiр рет те болса қан қысымы көтерiлген болса,
- туыстарығыздың қан қысымы жоғары болса,
- жасыңыз 35 – тен асса және артық салмағыңыз болса,
- қант диабетiмен (сусамыр) ауырсаңыз,
- климакс уақыты болса,
- темекi шексеңiз,
- iшiмдiк iшсеңiз,
- жүйкеге артық салмақ түссе және iшкi жай-күйiңiзде жайсыздық болған жағдайда дәрiгерге көрiнiп, қан қысымыңызды өлшетiңiз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезiнде емдеу асқынудан сақтайды.

Гулнар Жаксылыкқызы УСЕНОВА,
облыстық медициналық орталық,
кеңес беру бөлімі,
терапевт дәрігер

Сурет www.kardio.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (22.09.2014)
Просмотров: 1144 | Теги: Гулнар, ҚҚ, артериалды гипертония, усенова, ОНЖ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]