Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


АПИЫНДЫҚ НАШАҚОРЛЫҚ

Адамзатқа апиын бағзы заманнан белгілі. Бұл жөнінде оның емдік (ұйқы тудырғыш, тыныштандырғыш, ауруды басу) қасиеттері туралы еске алу жазбалары куәлік ете алады. Гиппократ апиынды емдік бұйым ретінде қолданған. Кіші Азия апиынның отаны саналады. Сол жерден апиын мәдениеті мен қолданылуы Грецияға тарады. Біздің эрамыздың 6-7 ғасырында египет апиыны белгілі болды. 7-8 ғасырларда, арабтардың ықпалымен апиынды тұтыну Иранға, Индияға, Қытайға тарады.

1806 жылы неміс дәріханашысы Зертюрнер (T.W.A. Serturner) морфинді, 1832 жылы Р. Робике (R.T.Robiquet) алдында емдік мақсатта қолданылған кодеинді бөліп алды. 1874 жылы ағылшын химигі К.Р.Райт (K.R.Wright) морфиннен алдында емдік бұйым ретінде қолданылған героинді синтездеді. Сонымен 100 жыл бұрын «Байер АГ» неміс фармацевтикалық фирмасы рыногқа «героин» деген атаумен «жөтелге қарсы керемет дәрі» шығарды. Фармацевттер жаңа дәріде қандай да болмасын қосымша жағымсыз әсер жоқ және оған қарсылық болмайды деп есептеді. Алайда аталған кеселге шалдыққан адамдар санының біртіндеп өсуіне байланысты медицина өз практикасында бұған ұқсас препараттарды қолданудан бас тартты.
Дерттің қалыптасу мерзімі қолданылатын препараттың наркогендігіне (есіртуіне), оны енгізу тәсілдеріне байланысты. Апиындық нашақорлардың, әсіресе наркотизацияның ұзақ кезеңіндегі сыртқы бет-бейнесі жеткілікті түрде сәйкестенген. Науқастар өз жасынан кәрілеу көрінеді. Тері жамылғылары құрғақ, боз, бауыр дерттері бар сырқаттарға тән сарғыш реңк иеленген. Бетін көптеген әжім торлаған. Шаш ерте түседі. Шаштары солғын, сынғыш болады, өз жарқылынан айрылады. Сондай-ақ тырнақтары да сынғыш келеді. Тістің бұзылуы өте тән: тіс жегісі (кариес) пен тіс түсу. Біртіндеп салмақ жоғалту байқалады, ал ұзақ наркотизацияда – ауру адамдардың айқын жүдеуі білінеді. Салмақ тапшылығы 7-10 келі және одан астамға жетуі мүмкін. Флебиттер – көптеген инъекциялардан кейінгі көктамырдағы (венадағы) қабыну өзгерістері жиі болады. Вена бойымен кейде іріңдеу мен іріңдік (абсцесстен) соңғы көптеген тыртықтар байқалады. Апиындық нашақорлықта ішкі ағзалар – жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелері, бауыр, нерв жүйесі тарапынан өзгерістер білінеді. Психиканың өзгеруі тән. Науқастарда тек есірткі енгізілгеннен соң еңбек қабілеті пайда болады. Соңғы кезеңдерде олар еңбекке қабілетсіз болады, оларда енжарлық, әлсіздік байқалады. Сырқаттар жоспарлы әрекетке мүлдем жарамсыз. Қызығушылық деңгейі төмендейді. Барлық зейіні есірткіге, оларды іздеп табуға бағытталған, жалпы эмоционалдық дөрекілену, жалған айту, ұят сезімінің болмауы білінеді. Сырқаттар жақын адамдарына және тіпті өзінің тек бақуаттылығына бей-жай бола бастайды. Оларды жұмыстан, отбасынан айрылу, өз денесі туралы қамқорлық толғандырмайды. Апиындық нашақорлықтағы болжам аса ыңғайсыз. Алғаш рет емге жүгінген апиындық нашақорлыққа шалдыққан 300 ауру адамды даниялық зерттеушілер S.Haastup, P.W.Jeasen катамнездік тексеру деректерінен олардың тек 20%-інің тұрақты ремиссияға қол жеткізгендігін, 5-10%-інде тұрақсыз ремиссияның болғанын; 16%-і есірткіні, тіпті транквилизаторлар мен алкогольді тұтынуды жалғастырғандардың 26%-інің өлгенін білуге болады. Сондай-ақ жылма-жылғы өлім 2,4% құраған. Бұған ұқсас цифрларды басқа авторлар да келтіреді.

Кульзира Амангельдиевна НАБИЕВА,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК,
№4 наркологиялық аймақ нарколог дәрігері

Сурет go-krit.com сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.08.2014)
Просмотров: 1383 | Теги: кодеин, набиева, морфин, нашақорлық, апиын, кульзира, Героин | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]