Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


АНГИОГРАФИЯ


Ангиография – бұл қан тамырларын арнайы рентгендік контрастты заттардың көмегімен рентгенологиялық зерттеу.
Кәдімгі рентгенограммаларда артериялар, веналар мен лимфа тамырлары көрінбейді, өйткені олар айналасындағы тіндер сияқты рентген сәулелерін жұтады. Сол себепті ангиография тәсілі қолданылады.
Артерияны зерттеу үшін артериография, веналарды зерттеу – венография (флебография), лимфа тамырларын зерттеу – лимфография деп аталады. Тамырларды жасанды контрасттау үшін оған йодтың органикалық қосылыс ерітіндісін енгізеді.
Бұл зерттеу тамырдың зақымдануын және даму ақауларын (аневризмалар, тамырдың тарылуы, мальформациялар), тамырдың өткізгіштігінің бұзылуын, ісіктерді және т.б. анықтауға ерік береді.
Мына жағдайларда ангиографияға қарсылық бар:
- жедел қабыну және инфекциялық кеселдер;
- науқастың ауыр жай-күйі;
- психикалық дерттер;
- анық білінетін жүректік, бауырлық және бүйректік тапшылық;
- йод препараттарына аллергиялық реакциялар.
Зерттеу алдында дәрігер науқастың процедураға келісімін алуы тиіс. Тексеруден бұрын кешке транквилизаторлар тағайындалады. Сырқат таңғы асты ішпейді. Зерттеу аймағындағы қылшықтар қырылып алып тасталады. Зерттеуге дейінгі 30 минутте премедикация жасалады: антигистаминдік препараттарды енгізу (аллергиялық реакциялардың профилактикасы), транкивлизаторларды, анальгетиктерді енгізу.
Зерттеуді тамырдың пункциясы (тесу) немесе оны катетерлеу (тамырға сол арқылы контрасттық зат енгізілетін арнайы катетер салу) арқылы жүргізіледі. Науқасқа бір тәулік бойына төсек режімі нұсқалады.    

Мурат Болатович МАКАТОВ,
рентгенолог дәрігер,
облыстық медицина орталығы,

Галия Нуровна МАКАТОВА,
рентгенолог дәрігер,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет www.gosmed.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.06.2015)
Просмотров: 2705 | Теги: макатовтар, ангиография, Мурат, галия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]