Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдік психоздар

Созылмалы алкоголизмнің екінші және үшінші сатысында кейбір жағдайларда алкогольдік психоздар деп аталатын топқа біріктірілетін психикалық бұзылыстар қалыптасады.
Ақ қызбалық (дірілдеуші делирий) шарт бойынша, созылмалы араққұмарлығы бар науқастарда кезекті ұзаққа созылған салынып ішуден кейін дамиды. Оны арандататын факторларға өкпедегі, ұйқы безіндегі, бауырдағы қабыну үрдістері, бас жарақаты және басқ. болып табылады. Психикалық бұзылыстар салынып ішу кезінде немесе алкогольді қабылдауды тоқтатқаннан кейін екі-үш аптадан соң басталады. Алдымен бірнеше күнге, кейде аптаға созылатын делирийалды жай-күй дамиды. Мұнда ұйқы бұзылысы күшейеді, қорқынышты түстер, үрей, мазасыздық, аяқ-қол дірілі, сондай-ақ вегетативтік ауытқулар (тершеңдік, тахикардия, қан қысымының күрт тұрақсыздығы және басқ.) пайда болады.
Әйелдерде бұл кезде анық білінетін астеникалық, субдепрессивтік және депрессивтік бұзылыстар анықталады. Одан соң көбіне түн мезгілінде, айқын білінетін абстиненттік синдром және алкогольге теріс қарау фонында психотикалық құбылыстар, көру иллюзиялары мен үзік сандырақ идеяларымен бірге қорқынышты сипаттағы галлюцинациялар пайда болады. Сондай-ақ вербалдық галлюцинациялар, көңіл-күйдің алаңдаулы фоны, тактильдік және дәмдік сезімнің ауытқулары орын алады. Ақ қызбалық бірнеше күнге созылады және кейде 1-2 аптаға дейін болады. Сауығу үрдісінде сырқатта жоғары сенім-наным байқалады. Мысалы, егер оған ақ қағаздың таза парағын көрсетіп және онда нені көретінін сұраса, ол оқылатын сөздер, сандар, бейнелер сияқтыны дауыстап айта бастайды (Райхардт симптомы). Егер сырқаттың құлағына қандай да бір затты қойып, не есіткенін сұраса, ол телефонмен сөйлескендей «дауыстармен» сөйлесе бастайды (Ашаффенбург – «жалған телефон» симптомы). Мұндай біліністер жалған «жібі бар ине» симптомында да байқалады. Әсіресе көру галлюцинациялары сырқаттың көз алмасын басқанда асқына түседі (Липман симптомы). Сауығудан, терең ұзақ ұйқыдан соң әлсіздік, дел-салдық, пәстік байқалады.
Алкогольдік галлюциноз ақ қызбалықтан сирек кездеседі. Оның жедел – бірнеше тәулік, апта және созылмалы – айлар мен тіпті жылдарға созылып өтуі мүмкін. Клиникалық суретінде жәй ғана анық санада вербалдық галлюцинациялардың тасқыны алдыңғы планға шығады. Сырқат өз мінез-құлқын айыптайтын дауыстар естиді. Галлюцинациялардың мазмұны әдетте жағымсыз: ұрысу, балағаттау, айқай, сыбырласу болады. Галлюцинаторлық ауытқулар негізінде өзін айыптау, қуғындау үзік сандырақ идеялары туындайды. Сырқаттар мұнда алаңдаулы, қозу күйінде, шарасыздыққа, суицидалдық әрекетке бейім келеді.      


Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет prozavisimost.ru сайтынан алынды

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (01.02.2015)
Просмотров: 1159 | Теги: сейлханова, галлюциноз, дірілдеуші делирий, гулаим, ақ қызбалық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]