Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:25
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДІ КІМДЕР ШАҚЫРА АЛАДЫ?

Елімізде жедел жәрдем шақырудың 4 категориясы бекітілді. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жаңа категорияларды түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Министр жедел медициналық қызмет көрсету бойынша бұйрыққа қол қойды. Анализдер көрсеткендей, жедел жәрдем көлігі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға кешігіп барады. Ал бұл пациенттердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жедел жәрдем шақырудың 4 категориясы бекітілді», — деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге 3 категория кіреді. Олар (науқастаравтор) диспетчерлік жедел жәрдем қызметінде қалады және жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді.

«Ал 4-ші категория созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға қатысты. Яғни дәрігердің бақылауында жүрген адамдардың қоңырауы жедел медициналық орталыққа қосылады. Емханаларда жедел медициналық көмек орталықтары бар. Олар 24 сағат бойы қоңырауларды қабылдайды», — деді Ләззат Ақтаева.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер жедел жәрдем көлігінің науқастарға тез жетуіне мүмкіндік береді.

«Біріншіден бұл аумақтық қолжетімділікті арттырады. Яғни олар (жәдел жәрдем – автор) созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарға тезірек жетеді. Ал жедел жәрдем 1-3 категорияларға көмек көрсете алады», — деді вице-министр.

Сонымен қатар Ләззат Ақтаева жаңа өзгерістерге де тоқталды. Оның айтуынша, енді фельдшер мен жәдел жәрдем дәрігері халықаралық талаптар бойынша оқуы қажет.

«Ережеде фельдшер мен жедел жәрдем дәрігері халықаралық стандарттар бойынша білім алуға міндетті. Сонымен қатар нормативте аудандағы жедел жәрдем облыстағы жәдел жәрдеммен біріктірілген. Осыған орай бір қызмет түрі жолға қойылды. Олар GPS навигаторлармен жабдықталуда. Бұл мониторинг жүргізіп, науқастарға тезірек жетуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Сөз соңында Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігі жаңа маман иелерін оқытатындығын атап өтті.

«Сонымен қатар бұйрықта ауруларды қабылдау бөлмесі туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мамандықты енгізеді. Ол – жедел медициналық қызмет көрсететін дәрігер. Бұрын мұндай дәрігерлер дайындықтан өтсе, енді олар резидентура арқылы оқиды. Олар көп бейінді стационардағы қабылдау бөлмесінде жұмыс істейді. Яғни науқасқа жедел медициналық көмек қажет болса, соған тиісті көмек көрсетіледі. Біз бұйрықта бекітілген талаптар жедел медициналық көмектің сапасын арттырады деп ойлаймыз», — деді министрдің орынбасары.

http://qarmaqshy-tany.kz/zhedel-zh-rdemdi-kimder-sha-yra-alady/

 

Просмотров: 974 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]