Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:07
ЖАТЫР МОЙНЫ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ

 

Скрининг – арнайы жастағы тұлғаларды қауіп факторларын (қатерлі ісік) ерте анықтау, емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу мақсатында жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеру. Скрининг термині – ағылшын сөзінен аударғанда електен өткізу, қорғау, аурудың әлі белгілері пайда болмай тұрып, әр түрлі зерттеулерді негізге ала отырып, оларды анықтау, алдын алу дегенді білдіреді.

 

Қатерлі ісік – жер шарында ең қөп тараған аурулардың бірі. Ол адам мүшесінің кез келген жерінде кездеседі. Жатыр мойны обыры әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі екінші орында тұр. Кейінгі он жылдықта жатыр мойныобырымен науқастанудың айқын төмендеуі байқалады. Бұл жағдай профилактикалық байқаулар мен цитологиялық скрининг нәтижесінде дисплазияны және преинвазивті ракті емдеудің кең түрде жүргізіліп жатқанымен түсіндіріледі.

Қазіргі таңда жатыр мойны обырын ерте анықтау мақсатында 30,35,40,45,50,55,60 жастағы сау әйелдерден бекіткіш сұйықтыққа жұғынды алу (пап-мазок) жүргізілуде. Аудандық емхананың әйелдерді көру (216) бөлмесіне пап-тест тапсыруға шақырамыз. Жатыр мойны қөзбен қарап тексеруге оңай мүше. Жатыр мойны ісігі көбіне жыныстық қатынасты ерте бастаған қыздарда және түнгі бикештерде жиі кездеседі. Анамнезіндегі жиі аборттар, әйел адамның және оның ерінің жыныстық сыңарын жиі ауыстыруы, оларда папилома вирусының болуы.

Әйелдердің 15-20 пайызында жатыр мойны ісігі ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Қандай белгілерге назар аудару керек. Әйелдердің жыныс жолдарынан ірің тәрізді иіссіз қанмен боялған сұйық зат шығады, етеккір кейде уақытынан бұрын немесе кешігіп келе бастайды, яғни етеккір кезеңі бұзылады. Жыныс жолынан қан кете бастайды. Жатыр мойнында жараның (эрозия) болуы.

 

Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу шаралары:

 

1. Әйелдер 1 жылда 1 рет профилактикалық тексеруден өту.

2. Жеке бас гигиенасын сақтау,жыныс гигиенасын сақтау.

3. Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдында кездесетін дерттерді уақтылы емдеу.

4. Тиімді тамақтану, артық салмақпен күресу.

5. Иммундық жетіспеушілікті емдеу.

6. Салауатты өмір салтын ұстану.

 

Ш.БОТАЕВА,

аудандық емхананың әйелдерді көру бөлмесінің акушері.

 

Сурет www.zdorovieinfo.ru сайтынан алынды

 

«Өскен өңір» газеті, 18 ақпан 2017 жыл

Просмотров: 1678 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]