Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:18
Жасы ұлғайған сайын дәрігерлерге шағым аз

Ғалымдар дәрігерге айтылар шағымдар санының олардың жас шамасына байланысты екенін анықтаған – медиктің жасы жоғары болған сайын, оған түсер шағым да соншалықты азаяды.

ДокторПитер хабарлағандай, Нашвиллдегі Вандербилт Университетінің ғалымдары (АҚШ) 31-ден 70 жасқа дейінгі 20 медициналық ұйымда жұмыс істейтін 13442 офталмолог дәрігердің жұмысы туралы деректерді зерттеген.

Нәтижесінде пациенттер тарапынан болатын арыз-шағымдардың ең аз саны егделеу жастағы дәрігерлерге тиесілі болған, яғни олар 30-дан 40 жасқа дейінгі медиктермен салыстырғанда 2,36 есе төмен екен.

Мұндай қатынастың ықтималды себебіне келсек, бұл жас әріптестерімен салыстырғанда жасы ұлғайған дәрігерлердің ұзақ жылғы тәжірибесіне байланысты жақсырақ болуы мүмкін.

 

Дереккөз: riaami.ru   

«Сыр медицинасы» газеті

Просмотров: 530 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]