Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:21
ЖАНЫНА ШУАҚ ШАШҚАН

 Өзінің 30 жылдық өмірін медицина саласына арнаған жанның біріРоза Тлеуова. Сонау Торғай облысы, Арқалық қаласындағы медициналық училишесінде білім алып, арнайы жолдамамен келген ол тамырын тереңге жайған бір отбасының аяулы анасы. Бүгінгі таңда амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде тапжылмай 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Роза Балықбайқызы мейірбикелік қызметтің оңай еместігін айтады.

Жоғарғы санатты мейірбике Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Алғыс хатымен» марапатталған. Өзінің өмір тәжірибесінде медицина саласының үздіктері Света Алтынбаева, Айткүл Маханбетова сынды ұстаздардан өнеге алып, тұлға болып қалыптасқандығын ерекше атап өтті. Өнегелі өмір жолында жолдасы А.Омаровпен бір шаңырақ астында 27 жылдан астам берекелі ғұмыр кешіп, үш ұл тәрбиелеп отыр. Келіндері керегесін кеңейтіп, немерелерінің қызығын көріп отырған Роза Тлеуова бүгінде ардақты жан, аяулы әже.

Медицина саласында табанды еңбек етіп келе жатқан Роза Балықбайқызының еңбегін аудан халқы жақсы біледі. Жанына дауа іздеп келген науқасты жылы сөзімен, мейірімімен ерекше баурап алатын ол жас мамандарды ардақты мамандыққа баулып келеді.

 

Ж.ШЕРНИЯЗОВА.

http://zhalagash-zharshysy.kz/zhanyna-shua-shash-an/

МЕЙІРІМДІ МАМАНДАРДЫҢ ҮЗДІГІ

Адамзат баласының дүние танымындағы асыл мамандықтардың біріадам жанының арашасы болып, өмірдің үзілмес үмітін жалғап жүрген медицина саласы қызметкерлерінің қоғамдағы еңбегі өлшеусіз. Тарих беттеріне зер салсақ, 1971 жылы Дүниежүзілік медбикелер кеңесінің ұйғарымымен бастау алса, Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап елімізде мейірбикелер күніресми мерекелердің біріне айналып үлгерді. Бүгінде амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасында аудан бойынша 467 орта буын қызметкері болса, оның 300-ден астамы мейірбикелер санатты медицина өкіліне жатады. Жүрегіне мейірім мен жылылық орнатқан асыл мамандық иелерінің 12 мамырмейірбике күніне орай аудандық емхананың бас мейірбикесі Айнаш Талқанбаевамен әңгімелескен болатынбыз.

– Айнаш Тұрсынғалиқызы, медицина саласында мейірбикелердің алар орны ерекше. Өмір белесіңізде осы ардақты мамандықты қай уақыттан бастап игеріп, қызмет етіп келесіз?!
– Жалпы, мейірбике ісі — ардақты мамандықтардың бірі. Мектеп бітірген соң, әрбір жас түлек өмірлік маңызды қадамның бірі – болашақ азығы болар мамандығын таңдайды. Дәл солай мен де өз біліктілігімді шыңдап, Қызылорда медициналық колледжін тәмамдаған, 1998 жылы аудандық орталық аурухананың «Перзентхана» бөліміне қабылдандым. Содан жаңа өмір есігін ашқан сәбилер мен жас аналарға күтім жасауға жәрдемдестім. Мейірбикелік ісі асқан жауапкершілікті, төзімділікті қажет етеді. Жұмыс барысында отбасылық жағдайың мен өзіңнің жеке мәселелер еш кедергісін келтірмеуі тиіс. Осы еңбек жолымда перзентхана бөлімінен кейін, 2011 жылы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде, 2013 жылы перзентхана бөлімінде аға мейірбике қызметтерін атқардым. Өз қызметім барысымда қоғамдық іс-шаралардың басында жүріп, басшылықтың ұсынысымен 2015 жылы аудандық емхананың бас мейірбикесі қызметіне тағайындалдым.
– Жалпы медицина саласында мейірбикелердің атқаратын рөлі жайлы атап өтсеңіз! Сонымен қатар, еңбек еткен 18 жыл ішінде қандай жетістіктерді бағындыра алдыңыз?!
– Елбасы Н.Назарбаев денсаулық сақтау саласы мен халық денсаулығын жақсарту ісін дамыту мақсатында 2016-2019 жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасында ең жауапты міндеттерді арқалап жүрген мейірбике мамандарын дайындауға айрықша көңіл бөліп отыр. Жаңа талаптарға сай 2016 жылдан бастау алған «Денсаулық» бағдарламасы аясында медициналық білім беру мен біліктілікті арттыру, бәсекеге қабілетті маман дайындау мәселелері қазіргі таңдағы бас­ты талаптардың бірі болып отыр. Сол себепті уақыт талабына сай мейірбикелер де өз ісінің білікті маманы болуы шарт. Біз халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап отырғандықтан, мейірбикелер әдепті, ибалы болуы шарт. Себебі, жанына дауа іздеп келген әрбір науқас мейірбике мен дәрігердің жылы қабағына қарайды.
Сондай-ақ, кәсіби білімімізге сай болу үшін бізге жан-жақты ізденіс қажет. Қоғамдық шаралар, түрлі республикалық сайыстарда топ жарған күндеріміз болды. Есімде ерекше қалғаны, 2011 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Ең үздік мейірбике» сайысында бас жүлдені иемденіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың «Алғыс хатымен» марапатталдым. Одан бөлек, еңбегіміз еленіп аудан әкімінің, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерлерінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталып жүрміз. Сондай-ақ, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Алғыс хатымен» марапатталып, жұмысқа жаңа бір леппен кірісіп кеттік. Бұл жетістіктің барлығы ауданның медицина саласына артылған сенімінің мол екендігін көрсетеді. Осы орайда, қазіргі таңда аудандық аурухананың бас дәрігері Әсия Бекбергенова апайымызға ерекше алғыс білдіргім келеді. Жаңа басшының ақыл-парасаты мен ұжымдағы ауызбіршілікті сақтай білуінің арқасында 300-ден аса мейірбике талапқа сай өз қызметтерін мүлтіксіз атқаруда. Сонымен қатар, емханамыздың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманкүл Маханбетова жұмыс барысында қаншама мейірбикеге бар ақыл-өнегесін айтып, жаңа өмірге талаптанып жатқан жас мамандарға оң бағыт-бағдар беріп отыр.
– Өмір – үлкен мектеп болса, ұстазыңды әкеңдей сыйла деген қанатты сөз бар. Өмір жолыңызда ұстаздарыңыз мен ортаға тәрбиелеп жатқан жас мамандар жайлы айтып өтсеңіз?!
– Әрине әр адамның өмір жолында қоғамға тәрбиелеп, енді ғана қанатың қатайып келе жатқанда үлкен өмір көшіне жөн сілтейтін жолбасшы болады. Менің де еңбек жолым барысында алдыңғы буын өкілдерден үйренгеніміз көп болды. Осы салада ұстазым – ақылшым ретінде К.Қойшығұлова, Р.Досқалиева, М.Боранбаева, Р.Аймағанбетова сынды медицина саласының үздіктері бар білген кеңестерін үйретіп, ақылшы бола білді. Г.Мадилханова, Р.Абдуллаева, Л.Дүйсенбаева, С.Жапақова сынды озық мамандардан да үйренгеніміз көп болды. Ауыр әрі жауапкершілігі мол салада жүрген соң бізден кейінгі жас мамандарды дайындауда бізде өз үлесімізді қосып келеміз. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда А.Искакова, Н.Өмірғали, М.Досова сынды жас мамандардың болашағынан зор үміт күте аламыз.
– Әңгімеңізге рахмет! 12 мамыр – мейірбикелер күні құтты болсын!

Әңгімелескен, Ж.ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

http://zhalagash-zharshysy.kz/mejirimdi-mamandardy-zdigi/

Просмотров: 850 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]