Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:27
ЖАНЫ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ

Француз халқының көрнекті жазушысы, философы М.Монтень өз сөзінде: «Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болуы үшін, не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті, барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір - қызықсыз әлем деп есептеймін», - деген еді. Қандай керемет айтылған?! Иә, адам баласының денсаулықсыз өмірі мәнсіз екен белгілі. «Адам жанының инженері» деп аталатын күллі ақ халатты дәрігерлердің алдынан ақыл - кеңес алмайтын, емделмейтін адам бүл әлемде кемде - кем болса керек. Біз сүхбатымызды осындай жандардың бірімен өрбіткелі отырмыз. Біздің кейіпкеріміз ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, қоғам қайраткері, халық қалаулысы, жоғары дәрежелі дәрігер «Амбулаториялық емханалық қыэметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға қарасты аудандық емхана меңгерушісі - Медетов Шарапат Алпысбайұлы.

 

Дәрігер - арыстандай айбатты, цыздай икемді,

анадай мейірімді болуы керек.

 

Гиппократ

-  Дүниеде мамандық түрі сан алуан. Олардың көпшілігі 4-5 жылдан артық оқымайды. Ал, дәрігерлік мамандығын 7-8 жылдан кем оқымайсьң. Сондьқтан, басқа мамандықтарға қарағанда дәрігерлік кәсіптің өзіндік ерекшелігі, қыр-сыры бар. Шарапат Алпысбайұлы, осы мамандықты таңдауыңыздың құпиясы неде?

- Дәрігер - адам жанының арашасы. Қоғамда дәрігер мамандығы жоғары бедел мен құрметке лайық. Мен сол дәрігерлердің бірі болуды кішкентай кезімнен армандадым. Маған ешкім «дәрігер немесе басқа мамандықты таңда» деп кеңес берген емес. Бұл - жүрек қалауым. Таңдаған мамандығым өзіме ұнайды. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп, халықтың алғыс сауабын арқалаған ак халатты абзал жандарға жас кезімнен қызыға қарайтынмын. Елбасымыздың: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» - деген даналық сөзінде терең мән-мағына жатыр десем болады. Нағыз дәрігер болу - өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу. Менің ойымша, білімді, білікті, адамгершілігі мол, өз мамандығын жақсы көріп, ізденіп жүретін, жан-жақты дамыған, өмірді, жанұясын сүйетін адам ғана дәрігер бола алады. Себебі, алдына келген әр адамның жүрегіне үңіліп, онымен бірге мүңайып, қуанса қуанып, өмірге деген құштарлығын ояту - дәрігердің басты міндеті деп білемін. Адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. Осы кұндылықты сақтауға кішкентай да болса үлес қосуды мақсат етіп, қиын екенін біле тұра осы мамандықты тандадым.

- Мамандық таңдау туралы ұстанымыңызды білдік. Қиын да қызықты мамандығыңызды абыроймен атқарып келесіз. Есіміңіз ерекше және мағыналы екен. Маган сіздіц есіміңіздіц өз таңдап алған мамандығыцызға сәйкес келетін сияқты.

- Дәл айттыңыз. Есімімнің ерекше жағдайда қойылғаны рас. Менің ата-анам қиын күндерді бастан кешіп, сұрапыл соғыстың хикметін арқалап, жеңіске жетуге үлес қосқандардың қатарынан. Дәлірек айтсам, әкем Медетов Алпысбай Ізбасарұлы Отан қорғау парызым деп білген 19 жасар бозбала өз еркімен майданға баруға еріктілердің қатарында болған. Кескілескен қиян-кескі сұрапыл соғыстың қызған кезінде ауыр жараланып қалады. Жарақаты жазылар-жазылмастан қайтадан майданға аттанады. Қайсарлык пен ерліктің үлгісі болған жауынгер әкем түрлі марапаттарға ие болып, омырау толы ордендер мен медальдарымен 7 жылы елге оралады. «Бәрі де майдан үшін!» - деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек еткендердің қатарында менің анам Малика Әбілдақызы да болған. Екеуі 1948 жылы отбасын құрған. Мен үйдегі жетінші баламын, үйдің кенжесімін. Маған: аяғы ауыр кезінде анам түс көреді. Түсінде ақ сақалды, ақ киімді қария ақ боз атқа мініп келіп анама былай дейді: «Өмірге келетін сәбидің ныспысын Шарапат деп қойыңдар, себебі көп шарапаты тиеді. Бір сендердің емес, халықтың ұлы болады. Жақсы аты елге аян болады» - деп көзден ғайып болыпты. Содан маған ата-анам осы есімді берген екен.

- Ғылым - теңіз, білім — қайық» деп жатамыз. Білім қайығына алғаш мінген кезіціз бен медицина саласында оқыған кездеріңіз туралы айтып берсеңіз. Алгашқы еңбек жолыңыз қай жерден бастау алды?

- Мен 1965 жылдың 29 сәуірінде Арал қаласында дүниеге келдім. 1972-1982 жылдар аралығында №14 Н.К.Крупская атындағы мектепте білім нәрімен сусындадым. Мектепті үздік бітіріп, 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «балалар емдеу ісі» факультетіне оқуға түстім.

Жалпы мектепте де, институт қабырғасында оқып жүргенде де. қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жақсы істердің басы-қасында жүретінмін. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатынмын, белсенділігімнің арқасында топтың кәсіподақ төрағасы да болдым. Жан-жақты болуға талпынып. шахмат, дойбы сияқты интелектуалдық ойындармен айналысып, әдебиетке деген қызығушылығым да болды. 1988 жылы Қызылорда қаласындағы №1 балалар емханасында интернатурадан өтіп, 1989-1992 жылдар аралығында Қызылорда облысы. Арал ауданы «Арал» кеңшарында ауылдық ауруханада бас дәрігер болып еңбек жолын бастадым. 1992-1994 жылдары осы ауданда иммунолог дәрігер қызметін жасадым.

-  Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты тацдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терец білуімен қатар, кез келген жағдайда науқастың саулығы үшін аяғына дейін күресетін жігерлі, қайсар, адам тағдырына бей-жай қарамайтын күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Осы пікірге алып-қосарыңыз?

- Өте дұрыс айтылған пікір. Денсаулық сақгау саласында немқұрайлы қарап жұмыс істеуге болмайтынын, қызметтің жауапкершіліктеріне байланысты міндеттердің ұлғаюы мүмкін екеніне еңбек процесінде көз жеткіздім. Дәрігер үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерліктің әр түрлі саласы бойынша сол саланы тереңірек біліп, зерттеуді қажет етеді. Мен бұған 1994-1996 жылдары Арал аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің инфекционист дәрігері және 1996-2000 жылдар аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының реанимация  бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дэрігері, 2000-2003 жылдары реанимация бөлімшесінін меңгерушісі болып жұмыс істеу барысында көз жеткіздім. Осы кезде мен үнемі өз білімімді жетілдіріп, түрлі білім дамыту курстарынан өтіп отырдым. Жалпы, дәрігерлерге қанша ізденсе де артықтық етпейді. Дәрігерлік - жауапты мамандық. Сондықган. дәрігерлер үнемі біліктілігін арттырып, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Мұның бәрі менің қызметімді сапалы атқаруыма оң әсерін тигізді әрі жұмыс тэжірибем де молая түсті. Қызмет барысында өзгеден талап ету үшін, білімің мен біліктілігің басқалардан үнемі алда болуы керек.

Мемлекетіміз халық денсаулығына қашанда көңіл бөліп, әр тұрғынның өмірінің ұзақтығына жағдай жасап келеді. Осыған сай бүгінгі дәрігерлерге Үкіметіміздің қойып отырған талабы қандай?

Дәрігерлік - үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атгы Жолдауында айтқандай, медицинаны аурудың алдын алуға бағыттап, халыққа әр алты ай сайын уақытылы тексерістен өтудің маңыздылығын түсіндіріп отыру - басты міндетіміз. 2004 жылдан бастап Арал аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары болып 4 жыл қызмет атқардым. Бір күнде кемінде 50-60 науқасқа дейін қабылдап, сапалы қызмет көрсету үшін тер төктік. Әсіресе, ана мен бала денсаулығы, ардагер қарттарымыздың денсаульны басты назарда болды. Күніне міндетті түрде 10-15 минут түрлі жастағы азаматгарға кеңес беріп, ағзаға керекті дәрумендер тізімін ұсынып отыратынбыз.

Халық денсаулығы әрине қымбат. Бүгінгі дэрігерлерге Үкіметіміздің қойып отырған талабы өте жоғары. Біздің емханада істейтін әр медицина қызметкері өздеріне жүктелген міндетті түсініп, аудан тұрғындарына қолдарынан келген көмегін көрсетіп, одан еш аянған емес.

«Денсаулық — зор байлық» деп бекер айтылмаған. Ауырған адамға ешқандай дүниеніц керегі жоқ. Оған жанына дәру болатын емші, ягни ажалга араша болатын дәрігер керек. Бірақ, дәрігердіц де дәрігері бар. Ерінбей еңбек етіп, зор ізденіс үстінде тәжірибе жинақтап, өз білгенін науқасқа арнайтын, үстіндегі ақ халатындай кіршіксіз пәк жүректі абзал жандарды нағыз дәрігер деп білеміз. Сізді халық осындай жандардың қатарына қосады.

- Өз басым аурудың алдын алып, денсаулықты күтіп ұстау керектігін еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін айтып жүремін. 2009 жылдан 2014 жылға дейін I санатты дәрігер-ұйымдастырушы, ал 2014 жылдан жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы болдым. Емхананың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, дәрігерлердің білімін жетілдіру үшін дәрістер оқьш жүрдім. Баспасөз беттерінен де жиі көрініп, іс-тәжірибеммен бөлісіп тұрамын. Жауапкершілікті жете түсініп, өз қызметімді атқару барысындағы талапшылдығым мен біліктілігімнің арқасында емделушілердің ыстық ықыласына бөленіп, Арал аудандық маслихатына депутат болып сайланып, халық қалаулыларының қатарына қосылдым. 2009 жылдың 2 қарашасынан бастап Арал аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданындағы уәкілі болып тағайындалдым. Мен ауданның денсаулық саласын басқарған жылдары бірталай игі істердің жаршысы болдым. Атап айтқанда, бала өлімі 28 пайыздан 9,6 пайызға азайса, аналарға қатысты қайғылы жағдайлар мүлде орын алған жоқ. Сонымен қатар халық денсаулығын сақтауда халыққа берілетін медициналық көмектің ауқымын кеңейтуге де өз үлесімді қостым. Халық қалаулысы болғанымда ерекше толқу үстінде болдым, себебі маған сенім артқандардың үмітін ақгап, биік белестерден көріну қажеттігін, жауапкершілік салмағының ауырлай түскенін іштей сезіндім. Құрмет пен атаққа лайық болу үшін бұдан да көп ізденіп, еңбегімді еселей түсуім қажет деп шештім.

- Елдіц елеулісі, халықтың қалаулысы атанған жоғары санатты дәрігер ретінде жетістіктеріціз де - бір төбе. Студент кезінен көзге түскен акжелецді абзалжанның   кеудесінен «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін көріп отырмыз. Марапаттарыңыз жайлы әңгіме қозғасақ.

- Адам баласының жақсылығы еш уақытта ұмытылмайды, ешқашан жоғалмайды. Өзім ауырған адам үшін ұйқымды қиып, дамылсыз еңбек етіп, қай кезде болмасын науқастарды ілтипатпен қарсы алып, олардың шағымын ықыласпен тыңдаймын, ақыл-кеңестерімді беремін. Дертіне шипа іздеген жанға кішіпейілділік пен рухани қолдау аса қажет. Халықтың алғысына бөленіп жүрсем, мен үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Жалпы төккен тер, еткен еңбек ескерусіз қалған емес. Бірнеше рет аудандық денсаулық сақтау бөлімінен «Алғыс хат», Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Құрмет грамотасы» және бағалы сыйлықгармен, аудан әкімінің алғыс хаты, облыстық денсаулық сақгау департаментінің «Құрмет грамотасы», «ҚР Тэуелсіздігінің - 20 жылдығына», «Желтоқсан оқиғасының - 25 жылдығына» орай мерекелік медалін иелендім. «Арал фестивалі» күндері мен «Мың бала» жылын қорытындылауға арналған мерекелік мәдени-көпшілік шараларына белсене ат салысып, ауданның мәртебесін көтеруге қосқан өлшеусіз еңбегім үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Сондай-ақ, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, 2013 жылы «Қазақстан  Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру» дәстүрлі комитетінің шешімімен «Қазақстан даңқы» орденінің иегері атандым. 2014 жыл мен үшін табысты жыл болды, осы жылы «Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл» мерекелік медалі және «Нұр Отан» ХДП-ның - 15 жылдығы қарсаңында арнайы алғыс хатпен марапатталдым. 2014 жылы «Жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушы» атағын да нәтижелі қорғадым.

-  2015 жылдыц қараша айынан бастапқазіргі кезге дейін, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК —ға қарасты аудандық емхана мецгерушісі қызметін атқарып келесіз. Басшылық қызметте қандай қасиеттеріңіз Сізге көмектеседі?

- Жалпы басшылық қызметте де, басқа жағынан қарағанда да маған қаталдық тән емес. Мен айналамдағы адамдармен тез тіл табысып, олармен бірлесіп жұмыс істегенді ұнатамын. Қызмет барысында барынша сабырлы, ұстамды болуға тырысамын. Басқалардан да соны талап етемін, себебі біздің алдымызға келетін адамдардың тәні ғана емес, жаны да жаралы. Қарапайымдылығымен бірге адалдығымен, орнықты мінезімен, еңбек сүйгіштігімен көп құрметіне бөленіп жүрген кызметкерлерім көп. Біздің емханамызда науқастарға барлық жағдай жасалған. Оларды емдеу үшін дәрі - дәрмектер де жеткілікті. Жақында бөліміміз электрондық оптикалық түрлендіргіш аппаратымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Біздің міндетіміз - халыққа жоғары деңгейлі қызмет көрсетіп, әрбір адамның дертіне шипа, жанына жалау болу. Біздің жұмыста салғырттық пен жайбарақаттылыққа орын жоқ. Әр адам өзіне тиісті міндетін адал атқарса ғана, жұмыс нәтижелі болмақ.

- Өмірін жаңадан бастап келе жатқан жастарға қандай кеңес айтар едіңіз?

- Еңбектену керек. Адамның жүрегінде иманы болса, жамандықтан, көптеген келеңсіздіктерден сақтайды. Өмір - күрес. Мойымау керек! Өмірдің өзі адамды шынықтырады. Айналаңа  қарасаң, өмірде қиналып, қайғы кешіп жүрген жандар өте көп. Адам баласы он екі мүшесінің саулығын, кейде дені сау жандар қымбат көлігім болса деп армандайды. Өмірде көп нәрсе адамның психологиясына байланысты. Адам қалай ойлайды, солай болады. Егер түкке тұрмайтын ұсақ нәрсенің өзін күні-түні ойлап, уайымдай беретін болсаң, ол сенің түбіңе жетпей коймайды. Мен тәуекелдің адамымын. Уайымға берілмеймін. Берілсем, өз-өзімді іштей жей берсем, мен мына қоғамның алдында жоқ болып кетер едім. Жастарға көп ізденіп, көп еңбектену арқылы ғана байлыққа, табысқа қол жеткізе аласыңдар дегенді айтқым келеді. Себебі, еш нәрсе де адамға оп-оңай беріле салмайды. Мақсатқа жету үшін алға ұмтылу, шыңға шығуда орта жолда тоқтап қалмау қажет. Бұл менің ішкі талабыма да байланысты шығар. Кез келген қиындыққа мойымайтынмын. Ата-анама алғыс айтамын, бізді осылай тәрбиелегені үшін. Бізді көп мәпелеген жоқ, көбірек қиындыққа үйретті. Спортқа да жақын болып өстім. Бала кезден өзімді қорғауды үйрендім. Мендегі сабырдың кілті - Алланың маған берген тағы бір сыйы шығар. «Сабыр түбі - сары алтын, Сарғайған жетер мұратқа» деген тәмсіл бар емес пе?! Барды бағалай білетіндігім де мені ұстамдылыққа үйретіп, сабырлы болудың негізін қалады.

- Қогамда танымал азамат, білікті дәрігер болумен қатар, өз жанұяңызда да жанашыр жан, сүйікті жар, аяулы әкесіз. Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіз?

- «Тәрбие тал бесіктен» демекші, отбасымыздың береке-бірлігі - анамыз болса, болашағымыздың бастауларында жөн сілтеуші - асқар таудай ақылшымыз әкем болды. Білімге деген құштарлығымызды құптап, қолдап отыратын. Көңіліме түйіп, жадымда жатталып қалған нақылдарын да есімнен ешқашан шығармаймын: «Ешқашан істеген ісіңді бұлдама, әрбір істі жауапкершілікпен атқар!», «Сөзің аз, ісің нақгы болсын!», «Білмейтініңді үйрен, білетініңді шыңдай түс!» — дейтін асыл әкеміз. Бір сәт есімнен шықпаған осы сөздерді қайталап отырамын. «Әкеден жақсы ұл туса игі, Әкенің жолын қуса игі» демекші, әке жолын қуып халықққа адал қызмет етіп келемін. Бір әкеден тараған 7 ағайындымыз. Барлығы - бір-бір үйдің және бір-бір кәсіптің құлағын ұстаған азаматтар. Қазіргі кезде өзім де әкемін. Зайыбым Мейрамкүл екеуміз 4 бала тәрбиелеп өсірдік. Тұңғышымыз Азамат жолдасы Альбинамен бірге жеке кәсіппен айналысса, қызымыз Гүлназ Алматыда заңгерлік қызметте. Екінші ұлымыз Қанағат биыл жоғары оқу орнын бітіреді. Отбасының кенжесі Нұрсұлтан 11сынып оқушысы. Үлкендікке жетіп, ата атандым, қылығы балдан тәтті Қаһарман, Нұртуған есімді немерелерім бар. Отбасылық бақыт дегеніміз - ынтымағы жарасқан жанұяң мен сені түсінетін, сыйлайтын, жақсы көретін жақын жандардың ылғи қасыңда болуы, солардың қуанышы мен қиындықгарына ортақ болып жүру деп түсінемін.

- Армандарыцыз көп пе?

- Армансыз адам болмайды ғой. Мен де елім үшін көп нәрсені армандаймын. ¥лағатты ұрпақтарымыздың өмірдегі өз орнын тауыц, бабалар аманатын орындағанын қалаймын. Ата-бабалар аманатына адалдық - бүгінгі ұрпақтың міндеті, келешек ұрпаққа тағылым. Осы аманатты ұлы мақсатқа айналдырсақ, бабалардың алдындағы қарызымыз бен балалардың алдындағы парызымызға қиянат жасамайтынымыз хақ. Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан өз орнын алса, әлемге танылған елдің келешек ұрпақтары ел мен жердің иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылықгарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, бабалар арманының орындалғаны емес пе?! «Әлемдегі ерлік атаулының ең кереметі - еңбек ерлігі» - дегенді айтқан Максим Горький өнімді еңбек еткен адамның жақсы адам болып қалыптасатынын айтқан болар.

- Армандарыңыз орындалып, Қазақстанның әлемдегі алып елдердің қатарынан орын алуына біз де тілектеспіз. Сұхбатыңызға рахмет!

 

АЛДИЯР АЛДАЖАРҮЛЫ,

 

«Наследие Казахстана» іскерлік журналы. Ай сайынғы республикалық журнал. Қыркүйек, №9 (09) 2018 жыл.

Просмотров: 438 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]