Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:39
ЖАНЫ САУДЫҢ - ТӘНІ САУ!

2014 жылының 14 наурыз күні Қызылорда қаласында алғашқы мәрте бірегей «Сана-Сезім» психологиялық көмек және психокоррекция орталығы ашылды.
Орталық ашылу бастамасы бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және жастар саясатын жүзеге асыру саласында ҮЕҰ белсенді көшбасшысы ретінде танылғанБазарбай Раушан Ахметуллақызына тиесілі. Үш жыл ішінде Раушан Ахметуллақызы бизнес қоғамдастығында мұнай компанияларында PR-менеджер лауазымын атқарады әрі өзінің, айтқандай, Қызылорда облысында жалғыз PR-агенттігі бар.
Орталық жетекшісі айтуынша, осы мекеме қала мен облыс тұрғындарына психологиялық көмек көрсету бойынша кешенді жұмыс жасайтын болады. Мұнда түрлі саладағы мамандар: наркологтар, психологтар, балалар психологы, көпсалалы арт-терапевтер, құм аниматорлары, рухани йога терапевтеры – жұмыс істейді. Орталықтың қызмет салалары әртүрлі болғанымен, олардың барлығы адамның рухани сауығуына бағытталған. Орталықта арнайы жабдықталған релаксациялауға арналған бөлмелер, балалар психологының кабинеті, психотерапия кабинеттері, үлкен және кіші тренингтік залдар бар.
Орталықты Қызылордаға жұмыс сапарымен келген еліміздің бас психолог-наркологы Алтынбеков Сағат Абылхайырұлы тамашалады. Сағат Абылхайырұлының айтуынша, осы орталық уақытылы жасақталды, тұрғындардың психологияға деген көзқарасын мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау қажет. Оның пікірін Қызылорда облысында бірегей орталық ашылуына арнайы келген Қазақстандағы психоанализ институтыны директоры Анна Кудиярова да қолдайды.
«Сана-Сезім» Орталығының бас дәрігері, жоғары санаттағы нарколог, психиатр Әлназарова Ақтоты Шәріпбайқызының айтуынша, орталық барлық облыстық әрі жалпыұлттық деңгейдегі мүдделі құрылымдарымен байланыста болады. Кездесу барысында ұйымның жоспарлары мен перспективалары және өзара әріптестік жолдары талқыланды.
Осы орталықты «Арылу-Освобождение» Қоғамдық Қорының Қызылордалық Филиалы да паналайтынын да атап өту жөн. Бизнес-құрылыммен бірлескен Қор басшысы Владимир Юн өзінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндікке ие болды, өйткені кәсіпкер Базарбай Раушан оған ҮЕҰ секторын қолдау аясында «Сана-Сезім» Орталығында бөлме мен базасын ақысыз негізде ұсынды.
Шағын және орта бизнес нысаны ретінде орталық ақылы қызметтерді ұсынбақ, дегенмен, оның басшысы, психолог-психоаналитик Базарбай Раушанның сөзіне қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасыларға тегін көмек көрсетіледі.
Ресми ашылу салтанатында құммен жұмыс жасау бойынша терапевтЖиенбаева Ақмарал басшылығымен құммен емдеу және анимациялау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Орталық таныстырылымы «Адам және оның жаны» тақырыбындағы құммен анимациялау бойынша композияциясының үлкен экрандағы шабыттандыратын көрсетілімі арқылы сүйемелденді. Сондай-ақ, жас сүретші, көркем арт-терапия басшысы Жанболат Есмаханов та шеберлік сабағын өткізді. Ал Сахаджи Йога бапкері Дадашова Елена рухани йога-терапия бойынша түсініктеме берді.
- Қызылордалықтардың бұдан әрі жанына шипа беретін әрі қиын күйзеліс пен қажу сәттерінде көмек ұсынатын орны болатыны аса қуантарлық жағдай. Орталық өте жайлы әрі ыңғайлы, оның ұйымдастырушылары клиенттерінің жан жайлылығы мен толық релаксациясы үшін барлық жағдай жасағандары бірден байқалады. Орталық пен оның қызметкерлеріне мол табыс тілеймін, - дейді шара қонағы, қала тұрғыны Алтын Құрбанова.
- Біз, Қызылорда қаласының психологтары, бізде бұл орталық ашылғанына өте қуаныштымыз. Өз басым көп жылдар ішінде тұрғындарға психологиялық кеңес берумен айналысамын және оған деген қажеттілік жоғары екеніне көзім жетеді. Қазақ тіліндегі «Психология Әлемі» газетінің редакторы ретінде мен психология түсінігін насихаттауға тырысамын. Енді қызылордалық психологтардың басын қосып, ойларымен бөлісуге әрі облыс тұрғындары арасында психологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігіміз болады. Раушанға бизнес өкілі мен әріптес ретінде осы өзекті ойды шындыққа айналдырғаны үшін алғысымды білдіремін! Бұл орталық ашылғанына біз өте қуаныштымыз, - дейді Қызылорда облысының бас психологы Серікбай Смағұлұлы.
Пресса өкілдеріне берген сұхбатында орталықтың жетекшісі Раушан Ахметуллақызы:
- Жан мен тәнді емдеу жеке тұлғаға қатысты дербес әрі сыртқы, әлеуметтік құбылыстарды толық түсінуді қажет етеді. Сондықтан күнделікті тәжірибемізде, мейлі, ол кеңес, тренинг немесе даму тобының машықтары болсын, біз қызметіміздің мақсаттары жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастырып, психологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы салауатты қоғамды дамытуға тырысамыз.
Жалпы дамуға өз үлесімізді қосып, біз қос міндетті орындаймыз. Біріншіден, кәсіби психолог және психотерапевт мамандар ретінде күнделікті жұмысымызда адамның жаны мен тәнін емдейміз. Екіншіден, жұмысымыздың нәтижелеріне сүйене, өзіміздің кәсіби көзқарастарымыз мен идеяларымызды кең көлемді әлеуметтік деңгейге шығарамыз. Орталығымыздың ағартушы миссиясы да осы.
Орталықтың қызметі, яғни білікті психологиялық көмек көрсету, кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау әрі ең басты принцип – кәсіпқойлық принципіне негізделеді. Оған қоса, басты принциптеріміздің бірі – құпиялылық. Клиенттің құпиясы біз үшін маңызды және біз оны әрқашан да сыйлаймыз. Пациенттің психологпен араласқан кезде айтылған ақпараты оның негізгі құқығы мен тиімді психологиялық қызметтің айырылмас бөлігі болып табылады. Сондықтан пациент психолог қабылдауына жазылғанда өзіне ойдан шығарылған есім қоюға құқылы. Біз үшін ең маңыздысы оның есімі немесе лауазымы емес, біздің парызымыз – оның жаны неге қиналатынын түсініп, жан мәселесінің тиімді шешімін табу.

http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=35&lang=2&article_id=20690


Просмотров: 1628 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]