Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:36
ЖАНАРҒА ШИПА СЫЙЛАҒАН

Бүгінгі күні адамзат баласы дамыған ғылыми технологияларды көптеп пайдалануда. Бұл үдеріс жұмысын жеңілдеткенімен, денсаулыққа зиянды жақтары бар. Жалағаштағы «Оптика» дүкені иесімен әңгімелескенімізде осыған тағы бір көз жеткіздік.

Роза Нұрсейітова аудан орталығында орналасқан «Оптикада» 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді.

Мен бұл қызметпен ұзақ жылдардан бері айналысып келемін. Күнделікті тұтынушылардың сұранысы мен тілегін қолдан келгенше орындап, қажетті көзілдіріктерін тауып беріп отырамын. Болмаған жағдайда немесе көзінің өлшеміне сәйкес келмегенде, тапсырыс­пен жасатып беремін.

Шыны керек, бұрындары көздерінің көру қабілеті нашарлап келетіндердің барлығы дерлік жасы келген кісілер болатын. Қазіргі таңда жастардың қатары көбейіп отыр. Өйткені, компьютер алдында шамадан тыс отырады. Одан қалса ұялы телефонды көп қолданады. Әсіресе, қазіргі смартфондар көздің майын та­уысады. Және де адамға зиянды сәулені мөлшерден тыс бөледі. Соның әсерінен көз жанарлары нашарлап жатады, — дейді Роза Нұрсейітова.

Бүгінде көкжиегі кеңейген орталықта көзілдіріктің неше түрі бар. Күн сәулесінен қорғайтын, көру қабілеті нашарлаған кісілерге арналған белгілі өлшемді көзілдіріктер, сонымен бірге балаларға арналған түрлі-түсті көзәйнектер де кездеседі. Бұдан бөлек, оптикада сынған көзілдіріктерді тез арада жөндеп, түсін өзгертіп те береді.

Роза Нұрсейітова, аудандық емхананың окулист дәрігері Сәуле Тасқараевамен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын айтты. Өйткені, емделушілер әуелі емханаға барып көз дәрігеріне қаралады. Сонан соң көру қабілетінің нашарлау деңгейіне қарай көзәйнек алуға осы оптикаға келеді. Бұл жерге келушілердің қатары көп. Ауданда бір ғана оптика болғандықтан кезек соңы ұзап кететін уақыттар да кездеседі.

– Болашақта тағы да бөлме қосып окулист маман алып, кәсібімнің өрісін кеңейтсем деймін. Әрине, бұл оңай жұмыс емес. Ең алдымен қомақты қаржы керек. Содан соң қолайлы, кең орын, тиісінше құрал-жабдықтары, көз аппараттары қажет-ақ, — дейді Роза апай.

Ол кәсіби біліктілігін жетілдіру, арттыру мақсатында облыстағы арнайы орталықтарға барып тұрады.

Қанша уақыттан бері халыққа аянбай еңбек етіп, жұмысының желісін үзбей келе жатқан оптика дүкенінің иесі бүгінде ардақты ана, аяулы әже болып отыр. Тек жанына бататыны – өмірлік жолдасынан ертерек айырылып қалғаны. Дегенмен, шүкіршілік етіп, өмірдің сынына сынған емес. Жолдасы екеуі 4 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп, өсірді. Оқытты, өмірден өз орындарын тауып, қанаттануына бар күш-жігерін салды. Қазір де сол балаларынан немере сүйіп, әже атанып отыр.

Нұржамила НАУАН

http://zhalagash-zharshysy.kz/zhanar-a-shipa-syjla-an/

Просмотров: 843 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]