Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:03
ЖАЙРАҢДАП ЖҮРСЕҢ, ЖАСАРАСЫҢ

Қайғы келсе, қарсы тұр құлай бермедегендей, сары уайымға салынбай күліп жүрсеңіз:

  1. Депрессиядан арылтады.
  2. Теріні жасартады.
  3. Иммунитетті күшейтеді.
  4. Жүрек қан-тамыр жүйесін емдейді. Ағылшын ақыны Уильям Шекспир: «Жадыраған жүрек ұзақ өмір сүреді» депті. Дәрігер мамандардың айтуынша, жүрегі ауыратындардың көбісі аз күлетін, болмашы нәрселерге өкпелеп қалып, сары уайымға салынатындар екен.
  5. Ауруды немесе ауырсынуды азайтады. Мәселен, шынайы күлгеннен, қуанғаннан ауруыңды ұмытып кететін жағдай көп кездеседі.
  6. Тыныс алу жүйесін жаттық­тырады, жақсартады.
  7. Дене бітіміңізді сұлу етеді.
  8. Қарым-қатынасыңыз жақса­рады. Жадырап, күліп жүре­тін адамға қарасаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Бір-біріңізге деген ниет, ілтипат арта түседі.
  9. Күлкі адамның мінезін танытады. Достоевский: «Адам­­ның шынайы бейнесін күлкі­сінен тануға болады» деген. Ақжарқындығы, ақкөңілдігі, аң­қыл­дақтығы, аңқаулығы, зымиян­дығы, жеңілтектігі, қатыгез­дігі, екіжүзділігі т.б. с.с.
  10. Көңіл-күйді көтереді. Әлем­нің көптеген елінде күлкімен емдеу тәсілі бар. Мәселен, Германияда клоун-доғдырлар қатты сырқаттанып жатқан балаға баратын болған. Адамның физикалық, эмоциялық ахуалын жақсарту үшін үнділер йога-күлкі дегенді ойлап тапқан. Ал біз Абай атамыздың: “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” дегенін де ұмытпауымыз керек. Арзан күлкі еркектің соры, күлегештеген сөзге қалдырмаса болғаны. Жадырап жүріңіз.

http://qazaly.kz/zhajra-dap-zh-rse-zhasarasy/

Просмотров: 847 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]