Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:34
ЖАҢҒАҚТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАЛЫ ТАҒЫ БІР ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТІ ТАБЫЛДЫ

Диетологтардың зерттеулерінше, адамдардың тағамда жаңғақты көп пайдалануы обыр дертін тоқтауы мүмкін деп жазады reactor.inform.kz.
Йена қаласының Friedrich Schiller University ғалымдары жаңғақтар обыр дертінің алдын алуда таптырмас пайдасы барын дәлелдеген.
Жаңғақтардың қандай да түрі ішек қатерлі ісігін болдырмауда көмегі зор. Және де бұл өнімді кезкелген дүкеннен қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар, деп жазады Science Daily басылымы.
Университет қызметкерлері бес түрлі жаңғақтың: макадамия, грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам мен пісте жаңғағының адам ағзасына келтірер зияны мен пайдасын анықтаған .Бұл дәндерден ғалымдар адам ағзасына керекті көптеген микроэлементтер мен дәрумендердің бар екенін тапқан.
Сонымен қатар, ғалымдардың пайымдауынша барлық жаңғақтар бірдей пайдалы емес.
Мысалы,грек жаңғағы ми жұмысын арттырып қатерлі ісіктің алдын алуда таптырмайтын ем. Ал арахис жаңғағында керісінше пайдалы заттар аз болуымен қатар аллергияны да тұғызуы мүмкін деген шешімге келген ғалымдар.
Жүрек-қан тамырларының ауыруына таптырмас бірден бір ем ретінде осы жаңғақтарды дәрігерлер де көптеп тұтынуға кеңес береді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/zha-a-tardy-adam-a-zasyna-pajdaly-ta-y-bir-erekshe-asieti-tabyldy/

Просмотров: 944 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]